Қытай, Үнді, Парсы жəне Рум елдерінің патшалары бас қосыпты да: "Əрқайсымыз мəңгі сақталуға лайық бір-бір ауыз сөз айталық", - десіпті.
Қытай патшасы отырып: "Мен айтқанымнан гөрі айтпағанымды кері қайтарып алуға ерікті екенімді білемін", - депті.
Үндістан патшасы: "Біреу өзі туралы бір сөз айтса, ол сөзінің пайдасы өзіне тимейді, ал сөзі біреуге қарсы айтылса, өзіне зияны тиюі мүмкін", - депті.
Парсы патшасы: "Сөз айтсам, ол мені билейді, айтпасам, сөзіме өзім қожамын", - дейді.
Рум патшасы: "Мен еш уақытта айтпағаныма қынжылған емеспін, бірақ көбінесе айтқаныма өкіндім", - деген екен.
Мағынасыз, бос сөз айтқаннан үндемеген артық.