- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Мағынасыз махаббат күллі...
Мағынасыз махаббат күллі әлемге мағына беріп тұр
«Омон Ра», «Чапаев и Пустота» романдарының авторы, орыс жазушысы Виктор Пелевиннің романдарынан және сұхбаттарынан алынған афоризмге айналған сөздерімен сусындайық.
Барлығын байыпты ойлануға үш-ақ секунд жеткілікті. Бірақ осы байыпты үш секундты қайдан аламыз? Біз қарапайым өмір сүрмейміз, қайда асығатынымызды білмесек те асығыс өмір сүреміз. Өз қиялымызбен желігіп, бір сәтке тоқтауға да мүмкіндігіміз жоқ.
Смайлик – иіс кетіруші, оны тек көзбен қабылдайды. Қолданушы иісі нашар деп ойлайды, ол барынша хош иіс шығарғысы келеді.
Махаббаттың мағынасы жоқ, есесіне махаббат күллі әлемге мағына беріп тұр.
Қанша жерге саяхаттасам да, бір кеңістікке оралатынымды түсіндім. Ол кеңістік – өзім.
Махаббаттан бақыт тапқың келсе, ол туралы мүлдем ойға алма.
Ит сүйекті көреді, арыстан сүйекті лақтырған адамды көреді. Осыны түсінген кезде баспасөз тілін түсіну жеңілдейді.
Адамдар теледидар мен айнадан өзге барлық жерден жындарды көруге дағдыланған.
Тауар емес, бақыт жарнамаланады. Жарнамада үнемі әр түрлі жағдайдағы бақытты адамдарды көрсетеді. Сондықтан өз адамдар дүкенге тауарды емес, бақытты сатып алуға барады. Бірақ бақыт сатылмайды.
Өмір тым қызық құрылған. Құдықтан шығу үшін, алдымен оған түсу керек.
Қараңғылық құрсауында жүргенде, саңылаудай сәуле көрсең, оған бару керек пе, бармау керек пе деп талқылау орнына, жылдам жету қамын жасау керек.
@. @assel_assanova