- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Луций Сенека: "Жасқана...
Луций Сенека: "Жасқана сұраған адам қажетін ала алмайды"
Луций Анней Сенека – б.з.д 4 ғасырда өмір сүрген Рим ақыны, философ, қоғам қайраткері.
► Ертеңгі күнін еш алаңсыз күтетін жанның бәрі бақытты.
► Адамдар ұсақ-түйекке бола көңілін түсіріп, өзі ойдан жасап алған іске бола өзгеге өкпелеп жүреді.
► Өз кемесі қай айлақта тұрғанын да білмейтін жанды ешқандай жел айдап алға жылжыта алмайды.
► Өз-өзіне әмір жүргізе білген жанды ғана ең мықты адам деуге болады.
► Тіліңе қарағанда құлағыңды көбірек қолдан.
► Мысал өлең секілді өмір де ұзақ болуымен емес, мәнді болуымен өлшенеді.
► Өзгерте алмайтын нәрсеңді жақсылыққа бала.
► Адамның ішіндегі қызғаныш оты өзін қаншалықты бақытсыз сезінетінінен хабар береді.
► Жұмыс істегенде түнге дейін отыру міндет емес, ақылмен жұмыс істеу керек.
ِ► Мәстекке алтын жүген тақсаң да арғымақ қыла алмайсың.
► Алтын отпен сыналады, әйел алтын арқылы, еркек әйел арқылы сыналады.
► Бүкіл ұрпақтың галереясына қарағанда бір ғана айна маңызды.
► Жасқана сұраған адам қажетін ала алмайды.
► Бір жыл егін шықпады екен деп, келесі жылы тұқым сеппей қоюға болмайды.
► Патшаға біраз нәрсеге тыйым салынады, себебі барлығы оның қол астына қарайды.
► Ашулануға қарсы ең жақсы дәрі – кейінге қалдыру.
► Отаныңды ұлы болғаны үшін емес, өзіңдікі болғаны үшін сүй.
► Сенім жоғалған жерде достық өледі.
► Рухыңды жандандыратын екі нәрсе: өзіңе және шындыққа сену.
► Бақытты қажетсінбегендер – ең бақытты жандар.
► Біреуге бір нәрсе айтар алдында оны өзіңе айтып көр.
@. @assel_assanova