Бір кемелер иесі булы қозғағышы бар жаңа корабль сатып алады. Көп уақыт өтпей булы қозғағыш от алмай қалады. Өте сезімтал аспаптары бар қарамағындағы механиктер мен инженерлер бұзылған жерді таппақ болса да машинаны жүргізе алмады.
– Амал жоқ,-деді мамандар кеме иесіне,- шеберді шақыруға тура келеді.
– Шақырыңдар!-деп келісімін берді қожайын.
Сәлден соң қолына балға ұстаған өте бір маңғаз шебер келді. Бірнеше сұрақ қойып оның жауабын тыңдап алған ол пештерге қарай жүрді. Онда ол машинаны қарап шықты, әртүрлі құбырларды сипалап ұстап көрді, бойлердің шуын тыңдады, шығып жатқан буға қарады. Сосын бірден қысқа да нұсқа балғасымен бір ұрып еді, машина гүр етіп оталып кетті.
– Қызметіңізге қанша ақша төлеуім керек?-деді қуанған кеме иесі.
– Мың бір доллар,-деді шебер.
– Қалайша? Балғамен бір ұрғанға мың доллар ма?-деп таң қалды қожайын.
– Балғамен бір ұру бір доллар тұрады,-деп жауап берді шебер. Ал мың доллар - қай жерге қандай күшпен ұру туралы ілімнің құны!