Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында ұлттың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының бесік жырлары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз бесік жырының мәні де, сәні де келмейді. Қазақ бесік жырының үлгілерін алғаш Әбубәкір Диваев хатқа түсіріп, 1905 ж. жариялаған. Бесік жыры ауыз әдебиеті үлгілерінде ғана кездеседі десек қателесеміз. Жеке авторлар, ақындардың да шығармашылығында бұл жанр кездеседі. Мысалы Ілияс Жансүгіровтың Бесік жыры. 1925 жылы жазылған туындыны назарларыңызға ұсынамыз. Бесік жыры Бөл-бөл бөбек, бөл, бөбек,Бөлейін бері кел, бөбек.Бедерлі бесік, төрт есік,Төгілте салдым төр төсек. Бөпешім, бесік отауың,Отауыңа кір, бөбек.Бөл-бөл бөбек, бөл, бөбек.Бүлдіршін шүмек бәйтерек,Балалы үйрек, бас бармақ,Кішкене бөбек, бес бөлек. Саусақайы салбырап,Бөлене қойсын қос білек.Бөл-бөл бөпем, бөл бөпемБөлесем, жөнге көн, көкем.Көк ала жылқы көлде екен,Көк ала тайың сонда екен.Торсығыңды тосайын,Тұмсық төсей cop, көкем.Бөл-бел бөпем, бөл, бөпем.Бөлейін бері кел, көкем.Жұлдызыңды жұм, көкем,Жуынып ерте тұр, бөпем.Алшая атқа мін, бөпем.Ақтан қара біл, көкем. Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек.Бөлекен қонған көк өзек.Көк өзекте көбелек,Көлге көк құс шүй, бөбек.Көк өзекте көбелек,Көбелектей күл, бөбек.Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек.Боларсың бөпем қолкөмек:Әлпештеген ата-анаң,Бола қалса мүгедек. Таңайын, ұйықта, таң атсын.Түнде оянба, түн түнек.Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек.Бөріден бөстек ки, бөбек,Ерінбей еңбек ететін,Еліңе бол елгезек.Елгезек болсаң иісін,Ендеше саған екі емшек.Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек.Бөгелмей білім біл, бөбек.Білмесең білім бекерсің,Бет алдыңа кетерсің,Елге есті ер керек,Ер жет! Есей ертерек.