Қысқа әрі қызық тәмсілдердің бірін ұсынғалы отырмыз. Бір оқып шығуға кеңес етеміз:
* * *
Құрылыс компаниясы көп қабатты қымбат үйлердің бірін сатқан-ды. Тұрғындар бәріне разы тұғын, тек лифт қана көңілден шықпай жүрді. Баяу жүретін немесе сылбыр қимылдайтын. Сол бір лифт көп күннен бері ауыстыру мен жабдықтау төңірегінде толассыз шағымдар мен арыз-тілектердің астында қалды...
Лифті ауыстыру еш мүмкін емес еді: қайта құрылымдауға компания басшылығы қаражат бөлуге тартынатын. Себеп те табылды, ақыры өйтіп-бүйтіп жүріп, мәселенің оңтайлы шешімі де табылды! Бар-жоғы 20 долларға ғана шығындалған үй құрылысшылары күнделікті тұрмыстағы қарапайым айнаны қойды.
Көңілдері разы тұрғындар жол бойында өздерін көре қалса масайрап, айна алдында айналып жатуды әдетке айналдырды...
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: d-web.cn