Құлықсыз оқитын оқушы – қанатсыз құс

Құлықсыз оқитын оқушы – қанатсыз құс
Фото: www.kazakhstanzaman.kz

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, шәкірттің өмірінде ұстаздың рөлі зор. Оны болашаққа бағыттап, дұрыс жол көрсететін де осы ұстаз. Назарларыңызға ұстаз бен шәкірт туралы қанатты сөздер ұсынамыз.

Оқудың шынайы айналысар нәрсесі адамды адам болуға әзірлеуден тұрады.

Н. И. Пирогов

Үйрету үшін ұрсудың, пайдалы болу үшін намысқа тиюдің түк қажеті жоқ.

Ф. Ларошфуко

Нағыз тәрбие ережелерден емес, жаттығулардан тұрады.

Ж.-Ж. Руссо

Табиғат әрбір адам бойында не дәнді дақыл болып, не арам шөп болып шығады, тәрбиеші біріншісін уақытымен суырып, екіншісін отап құртып отырсын.

Ф. Бэкон

Егер сіздер адамдарды – олар қалай болса, солай, бойларына біткен барлық кемшіліктермен қоса алып қарайтын болсаңыздар, сіздер ешқашан да жақсы болдырмайсыздар. Міні жоқ адамдар сияқты қарасаңыздар, сіздер оларды өздеріңіз көргілеріңіз келетін биікке көтересіздер.

И. Гете

Ақылы өткір әрі білмекке құмар, бірақ қияңқы да қыңыр балалар бар. Ондайларды әдетте мектептерде жек көріп, барлық уақытта дерлік үміт күтуге болмайдыға санайды: әйтпесе де егер оларды тек ойдағыдай тәрбиелер болса, әдетте олардан ұлы адамдар шығады.

Я. Коменский

Баланы оқытудың мақсаты – оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамуға қабілетті ету.

Э. Хаббард

Құлықсыз оқитын оқушы – қанатсыз құс.

Сағди

Ғалымдар мен ақындарды білмекке құмарлық тудырады.

А. Франс

Сабақтарда босқа отыру, болуға тиіс жерінде ой еңбегінің болмауы – бос уақыттың болмауының басты себебі.

В. А. Сухомлинский

Үйренгісі келмеген адамнан ешқашан да нағыз адам шықпайды.

Х. Марти

Қандай да бір өнердің, ғылымның немесе қолөнерінің техникасын меңгермеген адам айрықша көрнекті бірдеңе жасай алмайды.

И. В. Мичурин

Өнер де, даналық та, егер оны үйренбесе, қолға түспейді.

Демокрит

Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.

Т. Фуллер

Мұғалімнің сөздерін қайталау – оны жалғастырушы болу дегенді білдірмейді.

Д. И. Писарев

Нағыз шәкірт белгілінің көмегімен белгісізді дамытуды үйренеді де, сол арқылы ұстазына таман жақындай түседі.

И. Гете

Өз беттерімен ештеңе істей білмейтін және өздері баруға тиісті жерге құлақтарынан сүйреп апаруды күтіп отырып алатындар ғана өздерінің надандығын мұғалімдердің өнерсіздігінен көреді.

И. А. Добрблюбов 

Қ. Бүйенбай