Бірде сенбі күні Пастор үйіне бармай тұрып, әйеліне хабарласып алғысы келді. Сағат түнгі онның уақыты еді, алайда, әйелі тұтқаны алар емес. Ұзақ уақыт күтуге тура келді, бірақ, тұтқа сол күйі алынбады. Біраз уақыт өткен соң әлгі нөмірін қайта теріп, қоңырау шалып көрді. Бұл жолы бірден көтерді. Мұның сырын түсінгісі келіп, Пастор әйелінен бірінші жолы телефон шалғанда неге көтермегенін сұрады. Бірақ, қарсы жақ дауыс ешкімнің қоңырау шалмағанын айтып жатты.
Осы жағдай ұмытылып та кететін бе еді, егер дүйсенбі күні шіркеуде Пастор кабинетіндегі телефон қоңырауы шыр ете қалмағанда. Қоңырау шалған ер даусы осы нөмірмен сенбі күні өзіне қоңырау шалынғанын және де бірдемемелерді ұзақ уақыт айтумен болды. Пастор ұзақ уақыт әңгіменің ненің төңірегінде өрбіп жатқанын түсіне алмады. Ар жақтан шыққан ер адам сөйлеп жатыр:
- Телефон шырыл қаға берді, шырыл қаға берді, ал мен болсам жауап қатпадым...
Пастор өткен күнгі оқиғаны есіне түсіріп, әлгі адамнан мазалағаны үшін кешірім сұрады, үйіне хабарласқысы келгенін және нөмір теруде жаңсақ кеткенін түсінідіріп берді. Сонда ар жақтағы ер даусы былай деп жауап қайырды:
- Сол күні не болғанын маған айтуға рұқсат етіңіз. Не керек, сенбінің сол кешінде мен өмірмен қоштасуға бел будым. Және ақырғы рет Құдайдан бар болсаң, және мені естіп тұрсаң және менің өлмегенімді қаласаң, онда бір белгі бер деп тіл қатқан болатынмын. Сол сәтте, міне, дәл сол тұста телефон қоңырауы шыр ете қалды. Аппаратқа жақын барып, ондағы жазуға назар аударып көріп едім: "Құдіреті күшті Жаратушым..." (Almighty God) деген жазуды көрдім. Сосын, телефон тұтқасын алуға батылым бармады.
Пастор қызмет ететін шіркеу "Құдіретті Жаратушының Шіркеуі" (Almighty God Tabernacle) деп аталатын.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Cурет: vk.com