Халықтың мәдениеті, болмысы, сауаты, білімі кітап оқуына байланысты. Алайда техниканың дамыған дәуірінде кітап оқитындардың саны азайып жатыр. Оған себеп, әрине, әлеуметтік желілердің пайда болуы.
Жалпы адамның қандай екенін оқыған кітаптары арқылы да айтып беруге болады. Өйткені, сіздің оқыған кітабыңыз – сіздің өмірлік ұстанымдарыңыз.
Бүгін әлемге танымал тұлғалар мен ойшылдардың кітап туралы айтқан 10 пікірін ұсынбақпыз.
1. Жақсы кітап оқу – өткен заманның ең ізгі адамдарымен әңгімелесу деген сөз. Жай әңгіме-дүкен құру емес, – олардың ең тұщымды ойларын тыңдау.
Р. Декарт
2. Кітап – жансыз, бірақ ол – шынайы дос.
Гюго
3. Қолға түскен кітапты емес, әбден таңдап-сараптап барып оқыңыз. Діл мен жаныңызды байытып, оны тәрбиелеңіз.
Тургенев
3. Сізді ойлауға мәжбүр еткен кітап қана өз міндетін толық атқарған кітап.
Паркер
4. Көрінген кітапты оқи берген жарамайды, көңілде туған сауалдарға жауап бере алатын кітаптарды оқыған абзал.
Лев Толстой
5. Бір рет оқығаннан кейін қайта оқуға арзымайтын еңбек, негізінде, оқуға жарамайды.
Вебер
6. Әдебиет атомнан да қуатты, бірақ оның күшін отын жаруға қолданудың қажеті жоқ.
Абдулла Қаһар
7. "Кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді.
Н. И. Пирогов
8. Кітап біздің ең соңғы досымыз, олар бізді алдамайды, сондай-ақ үнемі жанымыздан табылады.
Фагэ
9. Ашқаныңда ықыласпен шақырып, жабыққаныңда зор рухани байлыққа кенелтетін кітап қана жақсы кітап.
Олкотт
10. Адамзат баласының ұлы ойларының қоймасы – кітап.
А. Линкольн
Көбірек кітап оқыңыз. Көп оқысаңыз адамдарды тани аласыз, адамды тану өмірді танумен пара пар.