***
Математик Джордж Данцигтің студент кезінде мынадай оқиға орын алды.
Джордж оқуға қатты ықыласты болып, түнімен отырып есеп шығаратын. Бірде студент сабаққа ұйықтап қалып, университетке 20 минутқа кешігіп келді. Содан соң тақтаға жазылған екі есепті үй тапсырмасы деп ұғып дәптеріне тез көшіріп алды. Джордж бұл есепетерді бірнеше сағаттың ішінде шешіп, келесі күні професорға апарып берді. Ұстаз өз кезегінде ештеңе деместен, дәптерді алып қалды.
Бірақ бірнеше апта өткеннен кейін таңғы алтының кезінде профессор студенттің үйіне басып кірді. Джорд математиктердің мың жыл бойы шығара алмай келген екі есепті шешкен болып шықты. Тақтаға жазылған есептердің не екендігін білмегендіктің себебінен, осылайша ғылымдағы ең қиын есептер шешімін тапты. Джордж жай ғана бұл есептердің аса қиын екендігін білмеді.
Бір қызығы бұл есептердің шешудің мүмкін еместігін білмегендіктен ғана Джордж осындай жетістікке жетті.
***
Бірде шәкірт ұстазына келіп:
- Сіз секілді сабырлы болып, ешкімге ренжімейтіндей күйге түскім келеді. Маған бұның жолын үйретіңіз, - деді.
Ұстазы келісіп, шәкіртіне былай деді:
- Қолыңа бір қапшық ал да, әрдайым өзіңмен бірге ұста. Біреуге өкпелеген немесе ашуланған кезіңде қапшықтың бір жағына өзіңнің, екінші жағына ренжіген адамыңның есімін жаз да, қапшықтың ішіне бір картоп сал. Әр өкпелген сайын қапшыққа бір-бір картоптан салып отырғайсың, - деді.
Шәкірт келіскендей ұстаздың айтқанын бұлжытпай орындады. Уақыттың өтуімен қапшық ауырлап, түбіндеге картоптар шіріп, иістене бастады.
Оқушы ұстазына келіп:
- Сіз айтқанның бәрін істедім. Бірақ қапшығым ауырлап, картоптар иістене бастады. Бұны қолымнан тастамай бірге алып жүру мүмкін емес, - деді.
Сол езде ұстаз:
- Дәл осы нәрсе сенің ішіңде де болып жатыр. Біреуге өкпелеген кезіңде көңіліңде ауыр тас пайда болады. Бірақ сен оны бірден байқай қоймайсың. Уақыт өткен сайын тастар көбейіп, ауырлай түседі. Сондықтан әр уақыт біреуге ренжуден бұрын саған бұндай жүктің керек немесе керек еместігін шешіп ал, - деп жауап бері.
Аударған: Еркебұлан Қайрахан
Сурет: natapugach.com