Көрші елдердің мақал-мәтелі

Әр халықтың мақал-мәтелін салыстырсақ, бір-біріне қатты ұқсайды. Идеясы бір, тек түсіндірілуі бөлек. Оған көз жеткізу үшін төмендегі өзге халық мақал-мәтелін оқып көріңіз. 

1. Кешке жақын қояндар жиналып, ертесінде бүркіттерді қалай қусақ екен деп ойланады. Таң ата бұл мәселенің басын ашып алмас бұрын, тарап кетеді.

2. Ол теңіздей терең.

3. Сөз тасқа жетем дегенше, тас сөзге бітіп үлгереді.

4. Қожайыны барда мысық итке бастық.

5. Ұлы жол мен әкенің достарын қадір тұт.

6. Күннің қандай болатынын көрмеген адам, күндіз сіріңке жағады. Сол секілді жаңа байыған адам да, ақша жұмсауды білмейді.

7. Сөзбен салынған жара жазылмайды.

8. Жұртқа ашық-жарқын болсаң, жұтып қояды, ал кеудеңді көтерсең, түкіріп те жібереді.

9. Ол тонын қырқып, бас киім жасайды.

10. Ескі дос қалай жақсы болса, жаңа тон да солай жағады.

11. Атылған жебе қайырылмайды.

12. Лақтырып көрмеген қолына ауыр тасты алады.

13. Бір қолмен екі қарбызды ұстау мүмкін емес.

14. Итке етік тіккен едім, оны да жеп қойды.

15. Соқыр көре алмайтындығы үшін бақытсыз болса, жүрегі соқыр одан да бақытсыз.

16. Еңбексіз нан тапқан адам оны дұрыстап жей де алмайды.

17. Нағыз ер жігітке бір сөз, ал мықты жылқыға бір қамшы да жеткілікті.

18. Батылдық – бір сағатқа созылатын сабыр.

19. Үйді жасаған балта, бәрібір есіктің сыртында қалады.

20. Көрген жан біледі.


21. Соқырға сұлу әйел не керек.

22. Құрметке ие болғың келсе, өзіңді еңбектің құлы қыл.

23. Жарыңа адал болсаң, ұзақ жолда аман боласың.

24. Бүгінгі күн ертеңгі күннен жақсы.

25. Көп ақсақтың билік басында, ал 12 мүшесі түгелдің алғашқы баспалдақта қалып қойғанын көрдім.

26. Тойынып тамақ іше алмайтын жерде ашпын деп айтпа.

27. Отар кері бұрылса, ақсақ қой жол бастайды.

28. Шәшкеге не салсаң, қасығыңа сол ілінеді.

29. Жақсылықты жақсылықпен қайтару – бәрінің міндеті, ал жамандыққа жақсылықпен жауап беру – нағыз батырдың ерлігі.

30. Екі әйелі бар адамға бір иттің де қажеті жоқ.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru