Стивен Кинг - адам жанының ең жұмбақ жерлеріне дейін үңілетін әйгілі қорқынышты туындылардың патшасы, хас шебері. Оның шығармаларын жүйке жүйесі нашарлаған адамдар оқи алмайды. Алайда Стивеннің кітаптары философиялық ойларға өте бай.
Стивен Кинг кітаптары әлемнің бірнеше тіліне аударылған. Автор қорқынышты әңгімелерді жазса да, өмірде өте қарапайым, нәзік, ақкөңіл адам. Біз бүгін сіздердің назарларыңызға өмірдің әртүрлі саласына қатысты айтылған жазушының бір топ қанатты сөзін ұсынамыз.
1. Шын мәнінде құбыжықтар мен әруақтар өмір сүреді. Олар біздің ішімізде. Тіпті кей кезде бізді жеңіп кетеді.
2. Кейбір уақытта әйел адамдар аман қалу үшін мыстан болуы керек.
3. Егер сіз өзіңіздің ашуыңызды ұстай алмасаңыз, ашуыңыз да сізді ұстай алмайды.
4. Ең маңызды нәрсені сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Кейде өзіміздің сезіміміздің алдында ұялып, теріс айналып жатамыз. Себебі сезімімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес екендігін түсінеміз.
5. Өмірдің басты қағидасы – өмір сүру. Қолыңыздан келмесе де өз-өзіңізге: «мен мына затты жасай аламын», - деп уәде беріңіз.
6. Егер адам мені бірінші рет алдап тұрса, ол менен ұялу керек. Ал егер ол мені екінші рет алдаса, мен одан ұялуым керек.
7. Тұншыққан талант – кесек тұздан арзан. Табысты адам мен талантты адамның жалғыз айырмашылығы – ерінбек еңбек етуінде.
8. Әйел адамдар ешқашан құпия ұстауды білмейді. Бірақ олар жүрегінде сақтаған затты өлсе де айтпайды.
9. Кейде жүрегіміз жарылып кетеді. Иә, шынымен де жүрегіміз жарылып кете жаздайтын шытырман оқиғалар көп болады. Менің ойымша, ондай кезде өліп қалғанымыз дұрыс. Бірақ біз дым болмағандай тірі жүреміз.
10. Маған өздері күлетін қыздар ұнайды. Оларды әзілдің ортасына салудың да қажеті жоқ.
11. Қатты керек болған заттарды ақшаға сатып ала алмайсыз.
12. Өткен іске өкінбеу керек. Өмірден алған соққылардың бәрі маңызды емес. Маңыздысы – біздің еш нәрсеге мойымай, алға қарай ұмтылып, өмір сүріп келе жатқандығымыз.
13. Қандай істі болса да, аяғына дейін жеткізіңіз. Сонда ғана еркіндікті сезінесіз.
14. Қандай тілде болса да ең керемет, ең әдемі сөз - «мен сені кешірдім».
15. Егер өзіңіз жүргенде жаман болса, басқалармен бірге бәрі жақсы болуы мүмкін емес.
16. Күннің немесе түннің қай мезгілінде болса да, міндетті түрде төгілуге тиісті жастар болады. Сондықтан өз-өзіңізді іштей жей бермеңіз, жылап алыңыз. Жеңілдеп қаласыз.
17. Неше түрлі сиқырлардың болуы мүмкін. Бірақ өзіне көмектескен адамға ғана Құдай көмектесетінін ешқашан естен шығармаңыз.