Олар маған адалдықты, өзіңді жақсы көретін адамдарды мәңгілік есте сақтауды үйретті.
«Хатико: Ең адал дос»
Біз қажетсіз заттарды сатып алу үшін өзіміз сүймейтін жұмыстарды істейміз.
«Ержүректер клубы»
- Өмір әрдайым осындай лас бола ма әлде тек балалық шақта кір болып жүреміз бе?
- Әрдайым.
- Мен жынданған сияқтымын.
- Бұл сөзің рас па деп қорқамын. Расымен де, есіңнен адасқан сияқтысың. Саған бір құпия ашайын: ессіздер бәрінен ақылды.
«Алиса ғажайыптар елінде»
Барлық данышпан бірдей қателеседі. Олар өзінен асқан ақылды адам жоқ деп ойлайды.
«Қараңғылық құрсауында»
- Сен кемеңгерсің немесе күйгелексің.
- Шындығында бұл екі сөздің мағынасы бір.
«Кариб теңізінің қарақшылары»
Адамның екі жағы бар: жақсы мен жаман, кеше және бүгін. Сүйген адамыңның екі қырын да қабылдай білуің керек.
«Саяхатшы»
Менің уақытым жоқ. Мұның қалай болғанын ойланып жатуға уақытым жоқ. Болары болды, бояуы сіңді.
«Уақыт»
Өзін басқара алмайтын адам өзгелерді басқарамын деп әуре болмағаны жөн.
«Джокер»
Қорқыныш қамауда қалдырады, үміт бостандыққа шығарады.
«Шоушенктен қашу»