Ағылшынның ақыны, жазушысы әрі драматургі Уильям Шекспирдің артында өлмес мол мұрасы қалды. Ол өмірден көрген-түйгенін, қоғамға айтқысы келгенін шығармаларындағы кейіпкерлерінің аузына салып берді.
Аз сөздің салмағы басым болар.
Балдың тәттілігі сонша, ең соңында ащылық сезіледі. Көп болған сайын дәмі кетеді.
Ер адамдар үйленгенге дейін сәуір секілді, үйленгеннен кейін желтоқсан сияқты болады.
Бір ғана көзқараспен махаббатты өлтіруге болады. Бір ғана көзқараспен оны қайта тірілтіп ала аламыз.
Әркімнің есалаңдығының ар жағында бір ой жатыр.
Көпшілігі ақымақтық пен ақылдылықты шатастырады, өйткені ақымақтық күлдіреді, ақылдылық мұңайтады.
Атау не мағына білдіреді? Раушан гүлін раушан десең де, олай айтпасаң да раушанның иісі шығады ғой.
Махаббат соңынан қуғаннан қаша түседі. Ал қашып жүргенді өзі ұстап алады.
Табиғат ана – дана, оның баласы ғана ақылсыз.
Ащы сөздің пайдасы тиюі айтқан тілге емес, естіген құлаққа байланысты.
Данышпандық пен ақымақтық кез келген жерде жұқпалы аурудай «жұлыса кетеді». Сол себепті қайсысын жолдас етерін адам өзі таңдайды.
Ғашық болу ұғымын сұлулыққа қолдануға болады, ал сүю тек жанға қатысты айтылады.
Таңғажайып күйге бөленуден үмітті болудың өзі сол күйге енгендей рахат сыйлайды.
Үнсіздік – тіпті де қайырымсыздықтың нышаны емес. Іші бос болса ғана салдырлай береді.
Ең маңызды нәрсеге жолыққанда майда-шүйдеге бола жүйке жұқартамыз.
Жауларыңызға жаққан пешті қатты қыздырмаңыз, себебі сол ыстыққа өзіңіз де күйіп кетуіңіз мүмкін.
Қарға қанатын кірлетсе, оны бәрібір ешкім байқамайды. Ақ аққулар қанша күш салса да, дақты белизнамен жуып кетіре алмайды.
Қорқақ өзіне төнген әр қауіп сайын өледі, ал батырға өлім бір-ақ рет келеді.
Жетістікке жетудің үш құпиясы: басқалардан көп білу; өзгелерден көп жұмыс істеу, басқаларға қарағанда аз нәрсе күту.
Ең жақсысы – тіке де қарапайым айтылған сөз.
Ант қазір тұманда, ашық күнде ұмытылып кетеді.