Өмірдің ақ пен қарадан тұратынын бәріңіз де жақсы білесіздер. Әрдайым алдыңыздан ақ күн туа беруі мүмкін емес. Өмір болғасын қуаныш пен қайғының қатар жүруі заңды. Осындай кезде қуанғанда бірге қуанып, жылағанда жаныңызға жұбаныш болатын жандардың болғаны қандай жақсы. Бүгін біз көңіл-күйіңізді көтеріп, ерекше күш-қуат беретін қанатты сөздерді назарларыңызға ұсынамыз.
1. Ақшаға сатып алатын заттар өмірдің ғажабы бола алмайды.
2. Арам тамақтан ешқашан адал ас өтпейді.
3. Өмірге риза адамдарға ғана өмір қызық.
4. Сіз тыныс алғанда - тек демаласыз, ал жақсы көргенде - өмір сүресіз.
5. Егер әрдайым асығып жүрсеңіз, бір кереметті өткізіп алуыңыз мүмкін.
6. Ештеңені жүрекке жақын қабылдамаңыз, жақын қабылдасаңыз ауыр тиеді.
7. Өмірдегі әр күніңізді шаттық, ләззат, бақыт деп біліңіз.
8. Өмірдің мәні - айналаңызға қызмет етіп, көмек көрсету екенін ұмытпаңыз.
9. Өмір таусылмас қуанышпен өтуі тиіс. Қандай жағдай болса да, мойымауға тырысыңыз.
10. Ең ұлы билік - өз-өзіңізді билеу.
Адамды жылататын да, жұбататын да - сөз. Көңіл-күйіңіз болмай, басыңызға күн туған кезде жоғарыда айтылған қанатты сөздерді еске алыңыз. Бұл сөздердің сізге де, достарыңызға да көмегі тиетініне кәміл сенімдіміз.