- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Қолдан жасалған қиындық...
Қолдан жасалған қиындық
Шөл далада бір сарбаз келе жатады. Арып-ашып, ұжақ жолды жүріп өтеді. Жолда астындағы атын, қару-жарағы мен дулығасын жоғалтып алады. Тек қылышы ғана қалады. Бір кезде қарны ашқанын сезініп, шөл де қыса түседі. Кенет алыстан қарауытқан көлге көзі түседі. Бойындағы бар күшін жинап, суға қарай ұмытыла береді.
Бірақ көлдің тура жанында алып айдаһар тұрғанын көреді. Сарбаз қылышын алып, құбыжыққа қарсы шабуылға шығады. Бір күн, бір түн айқасады, ала алмай қояды. Келесі күні шайқас тағы басталады. Үшінші күн дегенде айдаһар беріледі. Бар күш-қуатын аждаһаға сарп еткен сарбаз оның жанына сұлай кетеді.
Сонда айдаһар одан:
– Сарбаз, сен әлдебірнәрсе қалап па едің? – деп сұрайды.
– Су ішкім кеп...
– Енді ішпейсің бе?
Оған су ішуіне айдаһар ешқандай кедергі келтірмейтін еді. Біз өмірде барлығын өзіміз қиындатып жүреміз.
@. @assel_assanova