- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Кереметтің кереметі –...
Кереметтің кереметі – жақсы тәрбиеленген адам
"Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы" деп әл-Фараби айтқандай тәрбиенің сіз бен біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Ол адам өмірінің жаңа арнаға қосылғанымен бірдей. Осы тұста бастысы жақсы арнаны таңдай білу керек. Сол себепті назарларыңызға ақын-жазушыларымыздың тәрбие туралы айтқан дана сөздерін ұсынамыз:
Тәрбиешінің өзі тәрбиеленген болуға тиіс.
К. Маркс
Өзінің балалық шағын ұмытқан тәрбиеші – нашар тәрбиеші.
Энвер – Эшенбах
Балаларды тәрбиелей отырып, қазіргі ата-аналар еліміздің болашақ тарихын, демек, дүниенің тарихын да тәрбиелейді.
А. С. Макаренко
Жасында торай болғаннан үлкейгенде шошқа шығады.
В. В. Маяковский
Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс.
В. Г. Белинский
...баланы сүйе білуге үйрету – өмірдегі ең маңызды нәрсеге үйрету деген сөз.
В. А. Сухомлинский
Біздің балалар – біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие – болашақтағы қайғымыз, бұл – біздің көз жасымыз, бұл – басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінамыз.
А. С. Макаренко
Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек.
А. С. Макаренко
...Баланы өмірдің өзінен қорғауға болмайды.
А. С. Макаренко
Егер мен адам – тәрбиенің нәтижесі дегенді дәлелдей алсам, онда сөз жоқ, барша халыққа ұлы шындықты ашып берген болар едім.
К. Гельвиций
Өнер біткеннің барлығы сияқты, тәрбие өнері де табиғаттың кемістігін толтыруды мақсат етеді.
Аристотель
Тәрбиелі – тәртіптің құлы.
Б. Момышұлы
Тәрбие біздің жүрегімізге ең алдымен жеке адамға да, қоғамға да пайдалы әдеттердің ұрығын себуі керек.
К. Гельвиций
Тәрбие дегеніміз – тәрбиеленушілерді белгілі бір адамгершілік дағдыларын меңгеруге көндіру мақсатымен бір адамның екінші адамға жасайтын ықпалы.
Л. Н. Толстой
Жетілмегендер тәрбиені керек етеді. Бірақ тәрбие дегеніңіз – адамдық іс, демек, жетілмеген іс емес пе? Тәрбиешінің өзі тәрбиеленуді керек етпей ме екен?
К. Маркс
Әркімнің еркін дамуы баршаның еркін дамуының шарты болып табылады.
К. Маркс
Жақсы семьяда жазалау деген атымен болмайды. Ал бұл - семья тәрбиесінің ең дұрыс жолы.
А. С. Макаренко
Менің бүкіл өмірімді ұзыннан-ұзаққа созылған тәрбие алу барысы деуге болар еді.
К. Гельвиций
Топастықтың екі түрі бар: бірі – туа біткен, екіншісі – тәрбие еккен топастық.
К. Гельвиций
Егер мен, мәселен, бірдемемен шұғылданып жатсам, мені белгілі бір тітіркендіру процесі бағыттап отырады. Егер осы кезде маған ананы-мынаны істе десе, маған ұнамай қалады. Мұның өзі – мендегі күшті тітіркену процесін тежеп, кейін басқасына өтуім керек деген сөз. Бұл жағынан ерке балалар классикалық мысал болып табылады. Сіз әлденені істеуді бұйырасыз, яғни баладан бір тітіркендіру процесін тежеп, екіншісін бастауды талап етесіз. Осыдан іс көбіне күшті жанжалға барып соғады. Сәби еденге жығыла кетіп, жер тепкілейді, т.б.
И. П. Павлов
Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
Абай
Балаларды тәрбиелеу – еңбек әрі борыш.
Ф. М. Достоевский
Көргенін, білгенін айтпаса, аға кінәлі.
Платон
Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын, тынымсыз қимыл үстінде болсын.
Ж. -Ж. Руссо
Баланың балалығын тыйдым дегенше, ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз.
Ж.-Ж. Руссо
Мектепте оқу керек, ал мектептен соң одан да көп оқу керек.
Д. И. Писарев
Бала ер жетпей тұрғанда бала болсын – табиғаттың талабы осы. Егер біз бұл тәртіпті бұзуға ниеттенсек, онда шала піскен, оңай бұзылуға бейім, дәм-татуы жоқ жеміске ие боламыз.
Ж.-Ж. Руссо
Жас бала дегеніміз – ұрығын жарып, жаңа көктеп келе жатқан жас шыбық, ал ұста болса – жаңадан қылтиып өсіп келе жатқан нәзік өсімдікті күтуші бағбан.
В. Г. Белинский
Балалық шақты балалық шағында көктетіңдер.
Ж.-Ж. Руссо
Адам мен жануарлар мінез-құлқының сықпыты нерв системасының туа біткен қасиеттерімен ғана шарттас емес, сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру кезінде оған жасалған және жасалып отыратын ықпалдарымен де шарттас болады, яғни нағыз кең мағынасында айтқанда, үздіксіз тәрбиелеу мен үйретуге байланысты болады.
И. П. Павлов
Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы – сөз.
О. Сүлейменов
Балаларды қанағат ете білуге, тұрмыстағы қарапайымдылыққа, еңбек пен қайырымдылыққа баулу бәрінен де мәндірек.
Л. Н. Толстой
Балаларға адамгершілік тәрбие беру түгелдей жақсы үлгі-өнеге көрсетуге саяды.
Л. Н. Толстой
Баланың жасы – сендіруге орайлы жас. Сондықтан да тәрбиедегі ең басты нәрсе – балаға әсер ететін сенімдерді таңдай білу.
Л. Н. Толстой
Жемісті тәрбиенің сыры – шәкіртке құрметпен қарауда.
Р. Эмерсон
Ақы беріп тыңдатқан
Сөз көкейге қонар ма?
Құлағын сатқан тәңір атқан
Оңдырар ма, оңар ма?
Абай
Ойланып алмақ – сабыр сол.
Абай
Зарыққан сағатыңды ұмытсаң да, одан алған сабағыңды ұмытпа.
С. Геснер
Ешкімді сыртынан жамандама, тіпті қара жердің өзі де оған жеткізуі мүмкін.
Қажы Рахым
Нашар тәрбие алған адам өжеттікті – дөрекілікке, білімділікті – тақуашылдыққа, тапқырлықты – қылжақбастыққа, кең пейілділікті - жарамсақтыққа айналдырады.
Д. Локк
Күніңді кірбіңсіз өткізіп, алаңсыз ұйықтайтындай пайдалы ғұмыр кешсең, армансыз-ақ көз жұмуыңа болады.
Леонардо да Винчи
Жақсылық жолға келе жатып, жаман әдет көрсетпе.
С. Мұқанов
Гүлден ұрық шашылса,
Гүл тарайды әлемге.
С. Мұқанов
Тәрбие – қиын іс, тәрбиеге жағдай жасау – әр адамның ең елеулі борыштарының бірі. Өйткені өзіңді және жақындарыңды білімді етуден маңызды еш нәрсе жоқ.
Сократ
Тәрбие беру мен білім беру – ажырағысыз ұғым. Білім бермей тұрып, тәрбиелеуге болмайды, ал берген әр білімің тәрбиелік ықпал жасайды.
Л. Н. Толстой
Не қиындық көрсең де, ұнжырғаң түспесін.
Л. Н. Толстой
Адам тәрбиесінің ең басты жолы – көз жеткізу.
К. Д. Ушинский
Кереметтің кереметі – жақсы тәрбиеленген адам.
Эпиктет
Адамның тәні сияқты, жанына да тәрбие керек, онсыз жан семіп қалады, енжарлықтың ми батпағына батады.
В. Г. Белинский
Талант тыныштықта кемелденеді, мінез өмірдің алай-түлейінде шынығады.
И. Гете
Тәрбие жұмысының ең терең мәні... адамның қажеттіліктерін талғап, тәрбиелеуде, оларды тапсыз қоғамда ғана мүмкін болатын және адамды одан әрі жетілу жолындағы күреске талпындыратын адамгершілік биікке жеткізуде.
А. С. Макаренко
Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да, ал жаман адамды көргенде (өз бойыңда сондай кемшіліктер болып жүрмесін деп сақтанып), өзіңді-өзің зертте.
Конфуций
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Абай
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола амайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демекілік. Не көрсе, соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан әрі жетіңкірегенде, ит үрсе де, мал шуласа да, біреу келсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен деген...
Өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жинаған қазынамызды көбейтпек – жанның тамағы.
Абай
Сұлулықты сезіне білетіндер нағыз адам өмірінің мағынасын түсіне біледі.
Ф. Э. Джержинский
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: thevoloshins.ru
Қ. Бүйенбай