Бірде шәкірті ұстазынан сұрапты:
– Сіз бірде адам өз кемшілігін жеңе алмайды деген едіңіз, солай ма?
– Иә, солай айтқанмын.
– Неге? Қорқынышты, жалқаулықты, қызғанышты, басқа да жаман қасиеттерді жеңуге болады ғой.
– Сен айтып отырған комплекстер, адам ақаулары расында өмірді қара түнекке айналдырып, улайды. Алайда онымен күресудің еш мәні жоқ.
– Қалай сонда?
– Онда мына сұрағыма жауап берші. Кедейлікпен күресуге бола ма?
– Өзім де қазір сол бағытта тырысып жүрмін ғой, ұстаз!
– Кедейлікті жеңу үшін не істеп жатсың?
– Бұрынғыдан жақсырақ әрі көбірек ақша табуға талпынып жүрмін.
– Жарайсың! Алған бетіңнен қайтпа! Демек өзіңді кедеймін деп есептеуге негіз жоқ. Кедейлік – байлықтың жетіспеуі. Кедейлікпен күресудің орнына, бай болуға ұмтылу керек.
– Иә, мен солай тырысып бағып жатырмын.
– Жарайсың дедім ғой. Сен айтып отырған басқа кемшіліктер де тура сол сияқты. Қызғаныш – махаббаттың жетіспеуі. Сараңдық – жомарт бола алмаудан. Ақымақтық – сананың жетпеуі. Сондықтан есіңде болсын, жаман әдетпен күресудің орнына, бойыңдағы жақсы қасиеттерді дамыта түс. Сонда жамандық өзі-ақ ізім-қайым жоғалады.