Бірде өзі кішкентай, өзі тәкаппар құс шөл далада аптап аймақта өмір сүреді. Мұнда қураған жалғыз ағаш қана бар еді. Құс осы ағашты ұя қылып паналады. Әрине, бұл жер аса ыңғайлы емес еді, бірақ жоқтан жақсы, осыған да қанағат етуге тура келді. Ағаш оны қауіп-қатерден қорғады.
Бір күні адам айтқысыз дауыл соғып, ағашты тамырымен жұлып әкетті. Құс панасыз қалды. Оған қатты қайғырып, енді өзіне басқа ұя іздеуге аттанды. Бойындағы бар қорқынышты жеңіп, шөл даланы тастап, басқа мекенге бет бұрды. Ұзақ уақыт бойы өзіне ыңғайлы жер таппай, нашар болса да бұрынғы панасын есіне алып қапа болды.
Арада біраз уақыт өткенде әлдебір таңғажайыпқа кезікті. Жазира дала. Үлкен әрі көз тартарлық сұлу. Ортасын жарып мөлдір бұлақ ағып жатыр, айналасы пайдалы өсімдікке толы. Құс бұл жерден өзіне пана боларлық ыңғайлы да әдемі ағашты бірден тапты. Осы сәттен бастап өмірі өзге бояулармен боялды.
Егер әлгі сұмдық жағдай болмағанда, құс панасын тастап осы жаққа кетер ме еді? Көңілі толмаса да, өзі үйренген бәз-баяғы өмірінен ажырамас еді. Өзі қалайтын өмірге ұмтылу үшін сонша көп күш жұмсаудан, қиындық көруден қашар еді.
Бұл өмірде қандай жағдай болса да, барлығы игілігімен келеді. Тура сол сәтте жайсыз боп сезілген жағдай өмірде әлденені өзгерту керек екенінен, одан да жақсырақ өмірге ұмтылу қажеттігінен хабар береді. Сол жағдайды қабылдап, алға қарай жүру үшін ақыл керек.