Өмірдің бірсарынды болуы мүмкін емес. Қай кезде болсын, қуаныш пен қайғы қатар жүреді. Бірақ күлкі мен бізді күлдіре алатын адамдардың орны ерекше.
Мейірімді күлкі — үйдегі шамшырақ.
Уильям Теккерей
Қайғыға толы сарайдан, қуанышқа толы лашық артық.
Қытай даналығы
Күле білетін жандар өмір сүретін үйге бақыт келеді.
Жапон даналығы
Қуаныш пен махаббат біріксе, кез келген қорқынышты жеңе біледі.
Джон Гудмен
Адамдар барлығын жүрегіне жақын қабылдайды. Одан көбірек күле білген артық. Меніңше, күлкі дұғамен бірдей.
Ошо
Адам күлсе, өмірінде барлығы дұрыс болғаны.
Сол Беллоу
Өзгенің үстінен емес, өзгелермен бірге күл.
Элберт Грин Хаббард
Қайғы мен мұңның ащы дәмін сезіне білген адам ғана күлкінің қаншалықты жақсы екенін түсінеді.
Эрих Мария Ремарк
Адамдарды жылату оңай, күлдіру қиын.
Вивьен Ли
Тыңдармандарыңызбен күліп қоштасыңыз. Өзіңіз ғана күліп қоймай, олар күлетіндей жағдай жасаңыз.
Джордж Коуэн
Күлкі — екі адам арасындағы қысқа қашықтық.
Виктор Борже
Адамдар өзін күлдіре білетін жандарға бауыр басады.
Уильям Сомерсет Моэм