Адам баласы алдында талай ұлы парыздар бар. Соның бірі – жақсылық жасауға ұмтылу. Кейде өмірде жасаған жақсылығым кері қайтпады деп налитын жандар да кездеседі. Осы орайда, ой саларлық ескіден келе жатқан екі достың әңгімесіне кезек береміз.
- Кезінде талай адамға жақсылық істеп едім. Не керек, соның бірде-бірінен қайыр-жақсылығымның қарызы қайтпады,- деп налыған бір адамға досы отырып:
- Онда өкінетін ештемең жоқ екен достым. Өйткені, біреуге қылған қайыр-жақсылық әлдебір алаяқ саудагердің несиеге беретін қарызы емес, адамгершіліктің парызы ғой,- депті.
Досының бұл сөзінен ұялған әлгі адам содан былай өзгеге істеген жақсылығы жайында жұмған аузын ашпайтын болыпты.
Сурет: fiski.ru