Қарттарымыз жайлы қазыналы сөздер

"Қарттарымыз – қазынамыз" дейтін қалықпыз. Ақылы дария қарттарымыздың халықаралық мерекесі біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде аталып өтеді. Бұл күні алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалады. Назарларыңызға ел ішінде кеңнен қолданып жүрген қарттар жайлы нақыл сөздерді ұсынамыз.


Жастық шақ – даналықты меңгеруге арналған,
Кәрілік – оны қолдануға арналған уақыт.

Ж.Руссо

Кәріліктің саған тигізетін зиянының орнын жылдар бойы толтырып отыратын нәрсеге жас шағыңда ие бол. Және кәріліктің азығы даналық екенін түсініп, жас кезіңде кәрілік ас-сусыз қалмайтындай етіп әрекет жаса.

Леонардо да Винчи

Кәрілікке күлме – өзің соған қарай кетіп бара жатырсың ғой.

Менандр

Жас кезіңде не ексең, жасың толысқанда соны орасың.

Г.Ибсен

Дария құмсыз болмас,
Қария мұңсыз болмас.

Төрекелді Байтасов

Жастықтың аты арындап,
Тас қияға өрледің.
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.

Абай Құнанбайұлы

Мықты қарт – мықты жастан шығады.

Қадыр Мырза Әлі

Атаңа не істесең,
Алдыңа сол келер.

Күлсең – кәріге күл.

Халық мақалы

Кәрілік екі көзді қызартады,
Сүйектің етін сылып, ұзартады.
Еңкейсең етпетіңнен түсіргендей,
Батпандап тізе тұсқа тұз артады.

Жамбыл Жабаев