Қарақұс пен түлкі жайлы тәмсіл

Қарақұс пен түлкі жайлы тәмсіл

Қарақұстар мен қарғалар кез келген жемтікті теңдей бөлісіп алуға уағдаласты. Бір жолы олар аңшылар жарақаттаған түлкіні көрді. Барлығы ағаш түбінде дәрменсіз жатқанның маңына топталды. 

Қарғалар:

- Біз түлкінің алдыңғы жақ бөлігін аламыз, - деп жауап қатты.

- Онда біздер арт жағын иемденеміз, - деп құптады қарақұстар. 

Түлкі бұған күлді де, былай деді:

- Мен әрдайым қарақұстар жаратылысын қарғалардан жоғары тұрады деп ойлаушы едім. Сол үшін де оларға менің алдыңғы бөлігім тиесілі, өйткені оның құрамына бас миым мен өзге де тәтті бөліктер кіреді. 

- О, иә, мұның дұрыс, - деді қарақұстар, - біз түлкінің алдыңғы жақ бөлігін өзімізге аламыз. 

- Бұған біз келіспейміз, - деп қарсылық білдірді қарғалар, - келіскендей, алдыңғы бөлік біздікі.

 

Қарсыластар арасында аяусыз қақтығыс басталып та кетті, екі жақтан көпшілігі жан тапсырып, тірі қалған бірен-сараңдары зорға дегенде іздерін суытып үлгерді. 

Түлкі өлген қарға мен қарақұстардың етін жеп, ағаш астында бірнеше күн тыныға тұрды. "Мықтылар айқасқа түскенде, әлсіздер жеңетінін" аңғарып, тынығып, сау қалпында үйіне оралды.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: fit4brain.com

Л. Лига