- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Қар тазалап жатып......
Қар тазалап жатып...
Достық туралы бір керемет тәмсілді назарларыңызға ұсынып отырмыз. Бір қарап шығуға кеңес береміз.
* * *
Екі көрші өмір сүріп жатты. Қыс келді, қар түсті. Бір көрші таңертең қолына күрегін алып, есік алдындағы қарды тазалап тастауға шықты. Жолды тазалап жатып, көршісінің есік алдына қарап қояды. Ол жақта тапталып қалған ұқыпты жол жатыр.
Келесі күні таңда тағы да қар жауды. Бірінші көрші ерте тұрып, жұмысына кірісіп те кетті. Қараса, көршісінің есік алды тазаланып тұр. Көзін алып кетті.
Сол күні олар көшеде кездесіп қалды, бірінші көрші сұрады:
- Үйіңнің алдындағы қарды қай уақытта тазалап үлгересің?
Екінші көрші алғашында таңқалды, сосын күліп жіберді:
- Мен оны ешқашан тазалаған емеспін. Достар ғой келіп тұратын!
* * *
Қар тазалау ұнай ма? Қыстың келгенін қалайсыз ба?
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: download-pedia.com
Л. Лига