Әйгілі жазушы әрі журналист Сергей Довлатовтың өмірлік ұстанымына айналған сөздерін ұсынамыз.
1. Қандай жағдай болса да өмір тоқтап қалмайды, осыны ескеріңіз.
2. Адамдардың көбісі ауыр мәселенің шешімі жоқ деп ойлайды. Алайда барлық жерден шығатын жол бар екенін ұмытпаңыздар.
3. Естеріңізде болсын, пышақтан да, балтадан да, тіпті мылтықтан да қорғануға болады. Бірақ мүмкіндік болса, қашып кетуге тырысыңыз. Алды-артыңызға қарамай қашыңыз. Өйткені оның арты жақсылыққа апармайды.
4. Түзелмейтін тек өлім.
5. Адам бәріне де қабілетті. Одан жақсылықты да, жамандықты да күтуге болады. Сол мені қынжылтады. Сондықтан күндіз-түні жаратқаннан тек адал, ақкөңіл, мейірімді адамдарды жолықтыр деп тілеймін.
6. Бәрі де уақытша немесе әділетті.
7. Бойыңыздағы сенімсіздікті жою үшін өзіңізді әрдайым сенімді ұстаңыз.
8. Әлсіз адамдар өмірді түсінбейді, ал ержүректер оны меңгеріп алады.
9. Теңіз біз туылғанға дейін тұңғиық, біз өлгеннен кейін де тұңғиық болады. Әрі кетсе біз сол тұңғиық теңіздегі құмның кішкентай ұнтағымыз.
10. Біреуге қарап, өзіңе баға беруге болмайды.
11. Құдайдан қосымша ештеңе сұрамайды.
12. Қателеспейтін адам болмайды.
13. Мен басымнан өткерген қиыншылықтарға мойымаймын. Эрнест Хэменгуэйдің сөзіне сенер болсақ, жазушының ең керемет күндері – қиындыққа кез болған күндері.