- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Қадыр Мырза Әлінің...
Қадыр Мырза Әлінің қанатты сөздері
Бәріміз бір Сақтанбыз,
Сақ деген құрсақтанбыз.
Көлден үлкен теңіз бар,
Елден үлкен неңіз бар?!
Біреу нарын жоғалтады,
Біреу жарын жоғалтады.
Отанын жоғалтқан
Бірден барын жоғалтады.
Ең алдымен - ел қамы,
Содан кейін қалғаны.
Ел дегенде емірен,
Тіл дегенде тебірен!
Жоқтығың қауымның жанына,
Тоқтығың жауыңның жанына батады.
Ұлт - ұлы атаң.
Рушылдық - іріткі,
Ұлтшылдық - ұйытқы.
Көлдің балығын аулағанша,
Елдің көңілін аула.
Барған жерде адамды абыройы қарсы алады.
Сауықты ауылдан сері шығады,
Мауыққан ауылдан пері шығады.
Терең су қанша мөлдір болса да,
Түбін көрсетпейді.
Еңкею - биік адамға,
Шалқаю - аласа адамға тән.
Дүниеқоңыз дүниенің қызығын көрмей өтеді.
Сараңға мал беруден,
Жан беру оңай.
Өзін екінші орынға қоя білетін адам
Бірінші орынға лайық.
Сараң сарқытын да қимайды.
Базарда адалдықтан басқаның бәрі бар.
Махаббатта кек жоқ,
Зұлымдықта шек жоқ.
Мұңды жеңуден мыңды жеңу жеңіл.
Ж. Исакаев