Дүкен қожайыны Меб Рабиды іздеп келіп шағына бастады:
– Раби, мен құрыдым, дүкенімнің қарсы жағында нендей іс туылғанын білесің бе? Біреу келіп дүкен ашып алыпты, енді менің саудамды тартып алатын болды. Күн көрісім тығырыққа тірелді!-деді.
Раби ес-ақылы шыққан жігітке:
– Отырсаңшы, анда-санда атыңды жетектеп барып көлшіктен суарып жүрсің бе?–деді.
– Иә, Раби, бірақ...
– Аттың көлшіктің ортасында тұрып су ішетінін байқайсың ба?-деді Раби жігітке.
– Байқап жүрмін ғой.
– Жарайды, онда аттың не үшін аяғымен көлшікті тарпып су ішетінін мен саған айтайын. Раби орындықтан алдыға қарай ұмсынып отырды.
– Ат судан өзінің сағымын көреді. Бірақ, ол жануар судағы сағымының өзі екенін мүлде білмейді, тағы бір ат келіп су ішкелі тұр екен деп ойлайды, сонымен суға қанбай қаламын ба деп аяғымен тарпып, өзге жылқыны қуып жібермек болады.
Раби аз-кем тыныстай қалды.
– Бірақ көлшіктің суы мол, қанша жылқы келіп ішсе де жетеді ғой.
Раби арқасын орындыққа тірей шалқалап, жымиып қойды. Дүкен қожайыны да Рабиға қарап күлді. Бұл оның бүгінгі тұңғыш күлкісі еді.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: 5tu.cn