Жолаушы және сиқырлы ағаш

Көп күн бойы шөл даланы кезіп келе жатқан жолаушы бір күні үлкен алып ағашты көрді. Жапырақтары жайқалып тұрған ағаштың астына келіп, көлеңкесінде тынығып алмаққа бекінді.

"Мүлдем күш-дәрменім қалмады. Су ішкім келіп тұр" - деп ойлады ол. Кенет қасынан салқын су құйылған құман пайда бола кетті. Жолаушы бастапқыда қорыққанымен, салқын судан ақырын ғана бірнеше мәрте ұрттап алды. "Енді тамақ болса ғой" - деп армандады ол. Сол сәтте үстел пайда болды. Үстел толы ас екен. Асқа әбден тойып алған соң, жолаушының демалғысы келді - қасынан құс жастық табыла кетті.

Сол сәтте оның ойына бірнәрселер келе бастады: "Мұның бәрін жасап жатқан кім? Мүмкін, қорқынышты құбыжық болар?" Кенет қасынан қорқынышты құбыжықтар өсіп шықты. "Олар мені өлтіруі мүмкін ғой!" - деп ойлады жолаушы. Олар оны жеп қойды. 

 ***

Осы бір тәмсілден түйер ой, өмірде әрқашан жақсы ойлап, тек қана позитивті болып жүру керек. Сонда ғана бүкіл өміріңіз жағымды эмоцияға толы болмақ. 

Ескертпе

Шығыстың ертегі-аңыздарының бірінде жұмақ деген - үлкен алып ағаш деп түсіндіріледі. Сол ағаштың астына кіріп айтқан тілектің барлығы дерлік орындалады екен-міс.

сурет:.ikypros.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек