Атақты "Шал мен теңіз", "Қош бол, қару" шығармаларының авторы Эрнест Хемингуэй өз жазушылық шеберлігімен бөлісу мақсатында кейінгілерге көптеген дана сөздер қалдырып кеткен. Оларды бір рет оқып ұға қою да оңай емес, мағынасы астарлы. Бір парасын сіздерге ұсынамыз.
Сені естен шығаруым — жүрегімнің соғып түрғанын ұмытқанмен тең. (Марлен Дитрихке хатынан)
Адамдардың екі түрі бар. Бірі — бар-жоғы бірдей, енді бірі — бірге болу қиын да, айырылу мүмкін емес.
Жазушы айтқысы келген ойын айтпайды, жазуы керек.
Ақылды адамдар өте-мөте сирек жағдайда ғана бақытты болады.
Мас күйіңде жаз, сау кезіңде жазғаныңды өңде.
Бұл өмірде адам жайында шынайы да қарапайым проза жазудан асқан қиын іс жоқ.
Барлық кітаптар бір-біріне ұқсайды — олар шынайы өмірге қарағанда әділетті.
Марк Твен — менің сүйікті жазушым. Оған үш себеп бар — өте жақсы жазды, мені жұбатты, бақилық болып кетті.
Өмірде жер басып жүрген пенделердің бәрінің өзіндік міндеті бар.