Әлемге әйгілі әйел Маргарет Тэтчер тірі болса, бүгін 90 жасқа шығар еді. Ұлыбританиялық данышпан саясаткердің туған күні қарсаңында қоғам жөнінде білдірген өзге де пікірлерін ұсынамыз.
Мен өте шыдамдымын, бәрібір ең соңында менікі дұрыс болады.
Тегін ірімшік тек қақпанда болады.
Әркім Эверестке өзі үшін шығады, бірақ шыңға елінің туын тігеді.
Экономикалық бостандық болмай өзге бостандық та болмайды.
Барлық еркектер әлсіз, әсіресе, джентельмендер осал болады.
Менің қол астымдағы министрлердің көп сөйлегені маңызды емес. Бастысы, менің айтқанымды бұлжытпай орындасын.
Еуропа тарихпен құрылды. Америка философиямен құрылды.
Әрқайсысын жеке-жеке тыңдап шықпасаң, бәрін түсіну мүмкін емес.
Егер сіз бірдеңе естігіңіз келсе, ер адамнан сұраңыз. Ал егер бірдеңе істегіңіз келсе, әйел адамнан сұраңыз. (Істі талқылағыңыз келсе – ер адамға, жүзеге асырғыңыз келсе – әйел адамға барыңыз).
Үйді басқарудағы туған мәселелерді түсінетін әйел ел басқарудағы мәселелерді де түсінеді.
Жауыңды жақсылап танып алсаң, кейін оның досына айналасың.
Егер пойызбен жүрмейтін болсаңыз, оның жылдам не баяу жүруіне бас қатырмайсыз.
Әңгімелесушімен тіл табысу үшін оған бас шұлғи беруге міндетті емессіз.