- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Жас уақытта ...
Жас уақытта көңіл – гүл
Жастық шақ – адам баласының арындап, жалындап тұрған кезі. Бәрін көрсем, білсем екен деген асаулық па, әлде бойдағы қанның қызуы ма екен? Әйтеуір, ақындар "Ай-хай, 25" деп бекер жырламағаны анық. Сіздердің назарларыңызға ойшылдардың жастық туралы айтқан сүбелі сөздерін ұсынамыз. Барды бағалайық!
Жасында тырысқан – қартайғанда қуанады. Махмұт Қашқари
Жас жігерге табын, білсең сол барын,
Бос өткізбей ізде зейнет жолдарын. Жүсіп Баласағұни
Жас күнің – өнер іздену, нақ дер шағың,
Халқыңның ойлай берші оңар жағын. Мұхаметжан Сералин
Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң,
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң. Ақан сері Қорамсаұлы
Жас уақытта көңіл – гүл. Абай
Жастықта көкірек зор, уайым жоқ. Абай
Жас көңіл – тың жер тәрізді, не ексең сол шығады, әрі мол шығады. Ғабиден Мұстафин
Жасында көргені жоқтың өскенде айтары да жоқ. Ғабиден Мұстафин
Жастың бойынан парықсыз паңдық емес, өз өнерінің күшіне сенер мығымдық тапқан қандай жақсы. Мүсірепов