Отбасы болған соң ыдыс аяқ сыңғырламай тұрмайды. Кейде жанжал болып, жас жұбайлар ұрысуы мүмкін. Осындайда шыдамдылық танытып, төзімді болған жөн. Әйтпесе отбасының берекесі қашып, шаңырағы шайқалады.
Жігіттер дана қарттан: «От анасымен жарты ғасыр бірге тұрып жатырсыздар. Осы күнге дейін бір рет те болсын ыдыс аяқтың сыңғырлағанын естіген емеспіз. Бұл қалай болғаны?» - деп сұрайды.
- Білесіңдер ме, менің жастық шағымда ғашықтар күнде қол ұстасып орталық көше бойымен серуендейтін. Мен де қыздармен сол көшеде жүргенде жақсы көретін едім. Бір күні көлшікке бағыттап бара жатқанымды өзім де көрмей қалыппын. Жанымдағы ару ақырын менің қолымды жіберіп, көлшікті айналып өткен соң қайта ұстады. Келесі қызым да осы әрекетті қайталады. Үшінші жүрген қызым олардың қылығын қайталаған жоқ. Көлшікті менімен бірге кешіп өтті. Тіпті қолымды қатты қысып алды. Осылайша өмір бойы бірге келе жатырмыз. Мәнісін өздерің түсінген боларсыңдар, сабаздарым!
Барлық жігіт ауыздарын ашып, қатты таңқалды. «Жар таңдаудың сыры осылай екен ғой» деп ойлады. Кейбіреуі «неге ертерек айтпадың?» деп ренжіп жатты. Ал сіз болашақ жарыңызды қалай таңдайсыз?