Әр елдің мақал-мәтелдерін оқи отырып, олардың мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен танысуға болады. Еңбектенудің ерекшелігі, маңдай термен келген жемістің дәмі жөнінде әлем халықтары қалай толғайды екен? Таныс болайық.
Тырп етпесең орныңнан,
Кім ереді соңыңнан?! (шумер)
Түбі көрінбеген ыдыстан су ішпе (түрік).
Тозған сатымен төбеге шықпа (түрік).
Тоқ отырып үстеп жеген кезіңде,
Өз тісіңмен көр қазасың өзіңе (түрік).
Ит тұмсығына су жеткенде жүзеді (қырғыз).
Шыққан тауың биік болса,
Лақтырған тасың алысқа түседі (қырғыз).
Ақшалының қолы ойнақшиды,
Ақшасыздың көзі ойнақшиды (қырғыз).
Аяқ шаршаса, Таяқ бар (өзбек).
Бар жерінде бал да арзан (түрікмен).
Аяғың талмай, Тамағың тоймайды (татар).
Екі қолға бір іс, Ерте тұр да кіріс (татар).
Бітпеген іс – піспеген жеміс (татар).
Істі істей білмеген – Іс астында қалады (татар).
Қурай тартсаң күй шығар,
Ағаш тартсаң үй шығар (башқұрт).
Жалқау істен түршігер –
Күлер жерде күрсінер (башқұрт).
Жазда өзіңді өзің қинамасаң,
Қыста қазаның да қайнамайды (шешен).
Жаңа істің жан қиналтпайтыны жоқ (мордва).
Алмасының өспегеніне алма ағашы айыпты емес (мордва).
Жалқаудың арбасы да зар жылайды (мордва).
Құнарлы топырақта қамшы сап та гүл атар (мордва).
Іздеген инені иірімнен де табады (осетин).
Балдырдан көлін аршығанның балығы таусылмас (бенгал).
Көп тындырғың келсе, кішкентайдан баста (моңғол).
Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді (орыс).
«Әлем халықтарының мақал-мәтелдері» кітабынан
Ұқсас жазбалар:
Орыс ғалымы Сергей Капицаның қанатты сөздері
Ақыл-парасат туралы әлем елдері не дейді?