- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Жалғыздық туралы......
Жалғыздық туралы...
Жалғыздық – адам баласының жан дүниесімен жеке қалуы. Өзімен-өзі күрес, арпалыс. Психологтар адам баласының жалғыз қалуды, жалғыздықта өмір сүруді қалауы белгілі бір деңгейде дерттің белгісі дейді. Себебі ортадан бөліну, өзін жалғыз сезіну үрдісі мидың ауытқуына әсер етеді. Ал шығармашылық адам үшін жалғыздық мүлде басқа түсінікте қалыптасқан. Ол адамның жеке қалуы ғана емес, ішкі жан дүниемен сырласуы деп түсінеді. Сонымен сіздерге жалғыздық туралы қанатты сөздер мен ұлылардың айтқан тәмсілдерін ұсынып отырмыз.
Құдай бір табан аттады. Жан-жағына ұзақ қарап – «Мен жалғызбын» деді. Әлемді өзім жасаймын. Дж.Джонсон
Адам өзінің жалғыздығына байланған және өлім жазасына кесілген. Л.Н.Толстой
Біз бір-бірімізбен сөйлесеміз, бірақ біз жалғызбыз. Тірі, жалғыз. Біз кімге тәуелдіміз? Шегі жоқ жазық дала секілді... У.Оден
Өзінің жалғыздығын сезіну, ортадан бөлініп қалу, табиғаттың күшіне қарсы келе алмайтынын сезіну оның өмірін тамұққа айналдырады. Бөлініп өмір сүру алаңдатушылық үрдісін тудырады. Бөлек өмір сүру деген қоғамнан бөлініп қалу деген сөз. Бұл сезімдердің бәрі іштей әлем мені басқарады, мен әлемді басқара алмаймын деген қателікке ұрындырады. Э.Фромм
Жалғыздық – бүкіл дүниенің біткені емес, нағыз бекершілік – бос отыру. Дж.Голсуорси
Доссыз қалу – ең үлкен бақытсыздық. Д.Дефо
Тобыр арасында жүріп тұңғиыққа батқан жалғыздық болады. В.Георгиев
Бәрі жалғыздықта өледі. Г.Фаллада
Адам өзінің адамдығы жайлы ойласа әрқашан жалғыздықта қалады. А.А.Зиновьев
Жалғыздық – бұл у жасырынған сөз. В.Гюго
Жалғыздық – мұңның әріптесі. Джебран
Жаратылыс кітабында: «Тек біреу ғана өмірді басынан соңына дейін сүре алды, ол – қорқыныш» С.Е.Лец
Әрқайсымыз жалғызбыз және бәріміз де жалғызбыз. К.Кобейн
Жалғыздық – ең ұлы нәрсе, тек жалғыз қалғанда емес. Б.Шоу
Жалғыздық – қарттықтың ең сенімді белгісі. А.Олкотт
Толыққанды еркіндік толыққанды жалғыз болғанда туады. Т.Котарбиньский
Жалғыздықтағы бақыт – нағыз бақыт емес. А.Дюма
М. Ақан