- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Жақсылық ілімін игермеген...
Жақсылық ілімін игермеген жан өзге ғылымды үйрендім деуі далбаса
Өзгелерге жақсылық жасау, қайырымды болу туралы афоризмдер ұсынамыз.
Мейірімді адамдар арасында бәрі де жақсылығымен келеді. Цицерон
Жақсылық – ғылым емес, әрекет. Р.Роллан
Қайырымдылық – мылқаулар сөйлей алатын, саңыраулар ести алатын тіл. П.Бови
Беделді адамның белгісі – жақсылық жасау және ешкіммен ұрыспау. Лао Цзы
Жақсылық ілімін игермеген жан өзге ғылымды үйрендім деуі далбаса. М.Монтень
Қайырымдылық сұлулыққа қарамайды, бірақ адамдар жақсылық жасаған сайын құлпыра түседі. М.Пришвин
Басқаларға жақсылық жасаған жан қуанышпен қоректенеді. М.Навварская
Досыңа жасаған жақсылығың – өзіңе еткен қайырың. Эразм
Ашу ұзақ өмір сүрмейді, мейірім өлмейді. Ш.Руставели
Жақсылыққа ұмтылған жан зұлымдыққа шыдауы тиіс. И.Дамаскин
Көпке көрсетіп істеген қайырым – қайырым емес. И.Тургенев
Қайырымды істерді ойлап таппа, жай ғана жақсылық істе. Р.Вальзер
Барлығына қарсы тұруға болады, бірақ қайырымдылыққа қарсы тұра алмаймыз. Ж.Русо
Жақсылық жасау үшін ақыл керек, бұл ақымақтардың қолынан келмейді. Помпадур
Жақсылық жасау үшін жай ғана қайырымды адам болу аздық етеді. К.Победоносцев
Ізгілікті жаттауға болмайды. Сенека
Теңіз еш көлді өзінен итермейді. Фуллер
Мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұялмаймын. Ш.Құдайбердіұлы
Жақсылық жолында келе жатып жаман әдет көрсетпе! С.Мұқанов
Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бәйтерекше, тұл болады да қалады. М.Әуезов
@. @assel_assanova