Жақсару

Дәулетті жан күндердің бір күні бүкіл байлығын тауысты. Мұндай сәттерде жиі қайталанатындай, ол өзінің тиын-тебенсіз қалғанын және жақын маңайындағы барша досынан да айырылғанын түсінді. Ашынған жаны ем таппай, ақыры ол Шебердің алдына барды:

- Ендігі күнім не болады? Енді менде ақша да, дос та жоқ, - деді. 

- Уайымдай берме, сосын есіңе сақта: бәрі жақсы болады.

Жас жасампаздың көзінде үміт оты жылт ете қалды:

- Мен қайтадан дәулетке кенелемін бе?

- Жоқ. Пұлсыздық пен жалғыздық күйіне жай ғана етің үйренеді. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: talcualdigital.com