Ұстазы қолына су толы стақан алып, шәкіртінен сұрайды:
– Қалай ойлайсыз, бұл стақан қанша келі тартады?
– Шамамен, 200 грамм, – деп жауап береді шәкірті.
– Оның салмағы сіз ойлағаннан да жеңіл, – дейді де, тағы сауал тастайды, – Мен оны бірнеше минут бойы осылай көтеріп тұрсам не болады?
– Ештеңе де бомлайды.
– Солай дейік. Ал егер бір сағат ұстап тұрсам ше?
– Қолыңыз шаршайды.
– Ал енді бірнеше сағат бойы қолымнан тастамай көтеріп тұрсам не болады?
– Қолыңыз ауыра бастайды.
– Дұрыс айтасың. Ал дәл осылай күні бойы стақанды қолымнан түсірмесем ше?
– Қолыңыз жансызданып, сал болып қалуы да ғажап емес.
– Өте жақсы, – деп жалғастырды сөзін мұғалім, – бірақ стақанның салмағы өзгере ме?
– Жоқ.
– Онда қол ауруы қалай пайда болды?
– Ұзақ уақыт күш түсіргеннен, – деп тіл қатты шәкірт.
– Аурудан айығу үшін не істеуім керек?
– Стақанды қоюыңыз қажет, – деп іле-шала жауап берді.
– Өмірде кездесетін мәселелер де дәл осы сияқты, – деп дауысын көтере түсті ұстаз. – шешілмеген түйінді мида бірнеше минут ұстасаңыз – ештеңе өзгермейді. Бірнеше сағат ойлай берсеңіз, ауырсына бастайсыз. Күндер бойы сол мәселені миыңыздан шығармай жүре берсеңіз, ауыр дертке шалдықсаңыз да таңғалмаңыз. Содан соң басқа еш шаруаңызға мойын бұра алмай қаласыз. Ал аурудан жазылу үшін мәселені мидан шығару керек.