Бірде бір патшаның уәзірі өмірден өтеді. Сонда патша жаңа уәзір тағайындамақ болып, байқау ұйымдастырады. Шарт бойынша сарай бағындағы тас есікті аша алған адам уәзір боп сайланады. Бұл есікті көрмекке көп ел жиналады. Бірақ оны көре сала, ниетінен айнып, келген ізімен кері қайтып жатады. Есіктің үлкен қақпасы бар, ол жерден біраз биік әрі ауыр көрінеді. Сырттай қарағанда тіпті жан баласы ашуы мүмкін еместей. Осы кезде бақ жанынан бақташы өтіп бара жатады. Ол даурығысып тұрған көп ер адамды көріп, не болып жатқанын білгісі келеді. Олар тас есікті ашуға батылдары жетпей тұрғанын айтады. Сонда бақташы келіп есікті итеріп көрсе, оп-оңай ашылып тұр екен, тек сырттай қарағанда ғана алынбас қамалдай көрінген болып шығады. Осылайша көшеде жай жүрген бақташы бір сәтте патшаның уәзірі боп шыға келеді. Бізді де өмірде қандай тосын сыйлар күтіп тұрғанын білмейміз. Өмірде барлығы біз ойлағандай қиын емес. Кез келген істі байқап көргеннен, ешкім келіп шапаныңды шешіп алмайды. Сондықтан Көз қорқақ, қол батыр деген мәтелді үнемі жадыңызда тұтқайсыз.