Назарларыңызға испан ғұламаларының өз уақытында айтып кеткен жұртқа таныс даналық сөздерін ұсынамыз.
♣♣♣
Сен маған әйеліңді көрсетсең, мен саған оның күйеуі қандай екенін айтып беремін.
♣♣♣
Үш «көптік» пен үш аздық «адамды» құртып бітеді: көп сөйлеп, аз білу; көп қиялдап, аз тұру және көп жұмсап, аз иемдену.
♣♣♣
Сізге өсек айтқан адам сіз туралы да өсек айтады.
♣♣♣
Құдайдан да сұра, өзің де еңбек ет.
♣♣♣
Адамдар көп, тұлғалар аз.
♣♣♣
Әдет – ол алдымен өрмек, содан кейін ғана мықты тор.
♣♣♣
Қарызға бергенің – досыңды жоғалтқаның.
♣♣♣
Сырт көз алдамшы, ал жаңа дос сенімсіз.
♣♣♣
Бос бөшкенің зыңғылы көп.
♣♣♣
Мүлт кеткеніңді дұшпан көрсетеді.
♣♣♣
Тікен бар жерде раушан бар.
♣♣♣
Шешесі пысықтың қыздары жалқау.
♣♣♣
Табысы көптің, әуресі көп.
♣♣♣
Үшеудің білгені, басқаның естігені.
♣♣♣
Ешқашан қателеспегенің, еш нәрсеге қол жеткізбегенің.