Джордж Бернард Шоу – ирландиялық драматург, романист, жазушы, «Пигмалион» кинолентасына жазған сценарий үшін «Оскар» сыйлығына және әдебиет саласында Нобель сыйлығына ие болған жалғыз адам. Өз уақытындағы атақты сыншылардың бірі және Шекспирден кейінгі екінші танымал драматург.
Репутация – бұл адамға шалбар мен пенжак кигендей киюге тура келетін маска.
Алкоголь – бұл өмір атты тірлікті бастан кешуге жағдай жасайтын анестезия.
Ол өзі барған мектептердің оған ештеңе бермегенін, бірақ ол көп нәрсені У.Шекспир, Ч.Диккенс, Д.Беньян кітаптарынан, араб ертегісі «Мың бір түннен» алғанын айтады. Оның даналығы мен өмірлік тәжірибесі нақ цитаталар мен кемеңгерлік ой-пікірлерінде көрініс тапқан.
Жалғыздыққа төзу және одан қанағат алу – ұлы сый.
Шынайылықты объективті қабылдау сезіміне ие емес адамдарды шімірікпейтін адамдар деп атайды.
Әлем жұмыс істемей ақшалы болғысы келетіндер мен байымай-ақ жұмыс істеуге әзір ақымақтардан тұрады.
Жақыныңа қатысты ең үлкен күнә — жеккөру емес, енжарлық; міне бейадамдықтың нағыз шыңы.
Қартаю адамды зеріктіреді, бірақ бұл ұзақ өмір сүрудің жалғыз тәсілі.
Идеал күйеу – өз әйелін идеал санайтын еркек.
Қазіргі қоғамда өзіндік пікірі жоқ бай адамдар моральмен шаруасы жоқ бейшара әйелдерге қарағанда әлдеқайда қауіпті.
Сізді дарға аспақшы болған ойдан айныту үшін кейде адамдарды күлдіру қажет.
Тарихтан тағылым алуға болатын жалғыз сабақ адамдардың тарихтан ешқандай сабақ алмауынан тұрады.
Сізде бір алма болса, менде де бір алма болса, біз бұл алмаларымызбен алмасатын болсақ, онда сізде де, менде де бір-бір алмадан болады. Ал егер сізде де идея, менде де идея болса, біз идеяларымызбен алмассақ, онда біздің әрқайсымызда екі-екі идеядан болады.
Шендер мен атақтар елге еткен еңбектері талассыз, бірақ бұл елдің халқына белгісіздер үшін ойлап табылған.
Адам – кірпіш сияқты: күйген сайын қатаяды.
Демократия – бұл басқа адамдар қалтаңызды тінтіп жатқанда көзіңізді көкке қадауға мәжбүрлейтін төбеңізге қадалып тұрған әуедегі шар.
Біз қазір құстай ауада ұшуды, балықтай суда жүзуді үйренген кезде, тек бір нәрсе жетіспейді: адам сияқты жерде өмір сүруді үйрену.
Шынайы болу қауіпті емес, оның үстіне, егер сіз ақымақ болсаңыз.
Құмаршыл әйелмен өмір сүргеннен, жалықтырарлық әйелмен өмір сүру жеңіл.
Істей алатындар іспен айналысады, ал істей алмайтындар – өзгеге үйретеді.
Сүйгеніңізді алуға тырысыңыз, әйтпесе алғаныңызды сүюге тура келеді.
Сіздегі таланттың жетпеушілігін салауатты мән мен еңбексүйгіштік толықтырады, сонда сіз данышпанның данышпаны болар едіңіз, дегенмен сіз ақымақтықпен өміріңізді тоздырасыз.
Әйелдер оның көзіне шөп салуымызға кімнің қатысы бар екенін бірден сезеді. Тіпті кейде біздің басымызға бұл ой келмей жатып-ақ, олар бірінші біліп қояды.
Ақылды адам дүниеге бейімделеді; ақылсыз дүниені өзіне бейімдеуге тырысады. Сондықтан прогресс әрқашан ойсыздарға тәуелді.
Бақытты жасамай тұрып, оны қолдануға құқымыз жоқ.
Табиғатта бос қуыс болмайды: адамдар шындықты білмейтін жерде, оны жорамалмен толтырады.