Ги де Мопассанның қанатты сөздері

Ги де Мопассанның қанатты сөздері

Өзін сыйламайтын адам – бақытсыз, алайда өзіне толықтай көңілі толатын адам – нағыз ақымақтың өзі.

***

Біз махаббаттың өлімдей күшті екенін білеміз. Есесіне ол әйнек секілді қорғансыз.

***

Ата-анасын ардақтамаған ұл – нағыз қылмыскер. Ешбір ұлдың анасына бейжай қарауына құқы жоқ.

***

Кеме капитаны апатқа ұшырауға қалай жол бермесе, мемлекет басында отырған кез келген басшы дәл солай соғыстан бас тартуы тиіс.

***

Өмір шыңға шыққанмен бірдей. Асықпай шығасың, зымырап түсесің.

***

Адамға махаббат қонған кезде жүрегі жерде жоқ элементпен толығады. Оның себебін білесің бе? Бұл бақыттың құпия сыры неде деп ойлайсың? Ол тек жалғыздығымыздың бітуімен байланысты.

***

Махаббаттың тілі әрдайым бірдей, барлығы кімнің аузынан шығатынына байланысты.

***

Қуаныш пен бақыттың жанымызға терең бойлағаны соншалық, оған үнемі ынтығамыз да тұрамыз.

***

Соғыстың қажеті жоқ, қажеті жоқ... Оның орнына жұмыс істеп, ойланып, ізденейік. Ең үлкен жеңіс – бұл еңбектің жемісін көру. Ал соғыс - жабайылардың ісі.

***

Жазушының бір ғана қабілеті бар. Ол өмірдегі шындықты көзімен көріп, оны нағыз шебердей суреттейді. Қалғандары екіжүзді адамның тірлігі ғана.

***

Әрбір соғыс үшін неге басшыларға соғыс жарияламасқа? Осыны халық түсінсе ғой... Олар өзгелерді адам өлтірмеуге шақырған күні соғыс аяқталар еді.

***

Бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағанда соғыс рақымсыздықпен тең, ал Отан үшін күресу – бұл әркімнің міндеті.

***

Әлемдегі әдемілік, мінсіздік, отырғызылған бау-бақша – барлығы да адамның ісі.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: stola.ru

Қ. Бүйенбай