Габриэль Гарсиа Маркестің нақыл сөздері

Габриэль Гарсиа Маркестің нақыл сөздері
Фото: www.unn.com.ua

Нобель сыйлығының иегері Габриэль Гарсиа Маркестің шығармалары көбіне жұмбақ күйінде жазылады. Оны бір оқып түсіну оңай емес. Сондықтан, оның шығармаларын көбіне бірнеше рет оқығаннан кейін ғана ондағы астарлы сөздердің құпиясына көз жеткізіп жатамыз. Сол себепті де жақсы көреміз. Біз бүгін Маркестің адамзат, махаббат туралы айтқан бір топ қанатты сөздерін ұсынамыз. 

1. Егер сізді шынайы жақсы көретін жанға жолықсаңыз, ол сізден бір апта, бір ай, тіпті, бір жылдан соң да ешқайда кетпейді.

2. Тірі заттар көп, тек оларды сөйлете білу керек.

3. Адам анасынан туған күні ғана дүниеге келмейді. Өмір сүру барысында да мың өліп, мың туылады.

5. Қайғыға бой алдырмай, қашанда күліп жүруге тырысыңыз.

6. Ажырамас достан да артық нәрселер бар.

7. Шабыт жұмыс қызған шақта келеді.

8. Көп күткен адам тағы да күте алады.

9. Мен ешқашан қалпақ кимеймін. Себебі, оны ешкімнің алдында шешкім келмейді.

10. Қанша тырыссаңыз да, о дүниеге аттану оңай емес.

11. Ақыл мен білім бізге көбіне керек емес кезде келеді.

12. Айналамызда ерекше заттар көп. Бірақ жазушылар бізге қарапайым, күнделікті өмірдегі оқиғаларды айтады. 

13. Мен бай емеспін, бірақ ақшасы бар жарлымын.

14. Бақыттың емін табатын дәрі-дәрмек жоқ.

 
Ж. Исакаев