Фредерик Бегбедер – франциялық атақты публицист, прозашы, әдеби сыншы және редактор.
► Бір ғана жағымды жаңалық: қайғыдан арықтайды. Бұл диетаны ешкім жарнамаламайды, ол онсызда барлығына тиімді. Арықтау үшін – депрессияға түсіңіз. Ажырасып кетіңіз, өзіңізді сүймегенді сүйіңіз, жалғыз өмір сүріңіз, содан кейін таңнан кешке дейін қайғыра беріңіз. Артық салмағыңыз күнде еріген қардай көзге көрінбей жойыла береді. Денеңіз сымбатты болып, қалауыңызға жетесіз – әрине, тірі қалсаңыз.
► Махаббат үш жыл да, үш күн де өмір сүрмейді. Екі жас қанша жыл қаласа, махаббат тура сонша жыл өмір сүреді.
► Өзін көрікті санайтын ер адамнан артық сұрықсыз адам жоқ.
► Ересек өмір деген мынау: құмнан қамал тұрғызып, оған қос аяқтап секіріп қайта бұзу. Оны бәрібір мұхит шайып кететінін біле тұра қайта-қайта тұрғызып, қайта-қайта құлату.
► Өмірдегі ең жаман екі сөз: «Бізге сөйлесу керек» және «Дос болып қалайық». Ең күлкілісі, олар екеуі де басқаша нәтижеге әкеледі, әңгіме де бұзылады, достық та қалмайды.
► Махаббат раушанмен басталады, тікенмен аяқталады.
► Сүю не сүйген кейіп таныту – егер өз-өзіңді алдап жүрсең, екеуінің не айырмашылығы бар.
► Мен саған келуіңді өтіну үшін емес, үнемі күтетінімді ескерту үшін жазамын.
► Егер еркек қолға түспесе, онда әйел жеңілмейді.
► Мен қаншалықты көп ақша тапсам, өмірім соншалықты құрдымға кетіп жатыр.
► Бумеранг болуды армандаймын. Сені лақтырады, сен қайта келіп маңдайына қадаласың.
► Мен бұрыннан қашып келемін, қазір тіпті неден қашып келе жатқанымды өзім білмеймін.
► Махаббат – шайқас. Алдын ала жеңіліп қалған...
► Ең керемет мерекелер біздің ішімізде болып жатады.
► Бақыт ақшада емес екенін түсіну үшін, алдымен бақыттың да, ақшаның да не екенін түсіну керек.
► Неке – таңғы асқа да, түскі асқа да, кешкі асқа да уылдырық. Жақсы көре тұра, тойынып құсқың келеді.
► Жылау үшін себеп іздеймін, таппаймын. Осының өзі жылауға себеп емес пе?!
► Бірінші некеде мінсіздік іздейсің, екінші некеде шындықты қалайсың.
► Көзімді жұмсам, сенің көзіңді көремін.
► Сүйген адамыңды жек көрсең, өзіңді қор қыласың.