- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Франсуа де Ларошфуко:...
Франсуа де Ларошфуко: «Күте білген жанға барлығы келеді»
Франсуа де Ларошфуко – философия, мораль бағытында жазатын Франция жазушысы.
► Оның періште екенін артқа бұрылған кезде ғана көресің. Бірақ бұрылған жан кетіп қалған соң кеш болады.
► Ақылды адам азға қанағат етуімен бақытты, ақымаққа барлығы аз боп көрінеді.
► Ешкімнің көмегінсіз барлығына қол жеткіземін деген жан қателеседі, ал өзінің көмегінсіз ешкім ештеңеге қол жеткізе алмайды деп ойлайтын жан одан да қатты қателеседі.
► Ақылы аз адам не болса соған тез ренжиді, ал ақылды адам барлығын байқайды әрі ештеңеге ренжімейді.
► Қанша жерден жомарт болсақ та, кеңестен көп нәрсе бере алмаймыз.
► Күте білген жанға барлығы келеді.
► Өзіңе деген сенімділік өзгелерге сене білу қасиетінен құралады.
► Адам ешқашан өзі ойлағандай соншалық бақытсыз болмайды, бірақ өзі ойлағандай бақытқа жете алады.
► Шындықты бізден жасырған адамға ренжудің қажеті жоқ. Оны өзімізден өзіміз де жасырамыз ғой.
► Жауларыңыз болғанын қаласаңыз, достарыңыздан басым болыңыз, ал досыңыз көп болуын қаласаңыз, достарыңыз сізден асып түссін.
► Асықпай жүріп, ақырын басқан адамға ешқандай жол ұзақ емес, жолға мұқият дайындалған жан міндетті түрде мақсатына жетеді.
► Сүйген адам кешірімді.
► Бір адамды толықтай танып шығуға қарағанда, көп адамды жалпы таныған жеңіл.
► Өз құпиямызды өзіміз ішке сақтай алмағаннан кейін, оны біреудің сақтайтынына қалай сенеміз?
► Досыңа алданып қалуға қарағанда, оған сене алмауың ұят.
► Өзіңді өзгелерден ақылды санаудан асқан ақымақтық жоқ.
@. @assel_assanova