- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Фаина Раневская: "Қыздарға...
Фаина Раневская: "Қыздарға тек ақша керек деген – ақшасы жоқ жігіттің ойы"
Фаина Раневская – Кеңес Одағының кино және театр актрисасы. Ол қанатты сөздерін көбінесе ер мен әйел тақырыбына арнаған.
► Ерлердің өмірлік трагедиясы: бір әйелді жаны қаламайды, енді біріне тісі батпайды, ал енді бір әйелді "қалтасы көтермейді".
► Әйелдер ерлерге қарағанда ақылдырақ. Сіз өміріңізде жігітке түп-түзу оқтаудай аяғы үшін ғана ғашық болған қыз туралы естіп көрдіңіз бе?
► Әйелдер арық қалпын сақтап қалу үшін айна алдында отырып тамақтану қажет.
► "Қыздарға тек ақшасы бар жігіт керек" деген аңызды ақшасы жоқ жігіттер ойдан шығарып алған.
► Нағыз ер азамат – әйелінің туған күні қашан екенін ұмытпайтын және оның жасы қаншаға кергенін білмейтін адам. Ал әйелдің туған күнін үнемі ұмытып кете беретін болса да, қанша жасқа келгенін нақты білетін ер адам – ол сенің күйеуің.
► Отбасы барлығының орнын баса алады. Шаңырақ құрмай тұрып сізге "барлығы" маңызды ма, әлде отбасы ма – осыны анықтап алыңыз.
► Егер біреу сізге жамандық жасаса – оған тәтті беріңіз. Тағы жамандық қылса, талмай тағы да тәтті ұсыныңыз. Ол оңбаған ақыры қант диабетіне шалдығып тынады.
► Әйелді ерлер ғашық болсын деп әдемі етіп жаратқан, өздері ерлерге ғашық болсын деп ақымақ қылып жаратқан.
► Егер ауру адам өмір сүргісі келсе, оған дәрігерлер ештеңе істей алмайды.
► Толық әйел жоқ, жай ғана тар киім бар.
► Егер біреу сізді аяқ астынан жек көре қалса, демек сіз ол адамға кезінде көп жақсылық жасағансыз.
► Адам аш қарынға ештеңе істегісі де, ойлағысы да келмейді. Ал тойып алса тіпті ештеңе істей алмайды.
► Түрімнен бастап мінезімді қоса алғанда мен ешқашан мінсіз болған жоқпын, есесіне үнемі өз-өзіммен болдым.
► Бақаға үйленгенде, ол патша қызы боп шықса, бұл – ертегі, ал керісінше болса, ол – ертегі емес.
► Өміріңді диета ұстаумен, сараң еркекпен, нашар көңіл күймен өткізетіндей, тірлік сонша ұзақ емес.
► Склерозды емдей алмайсыз, бірақ ол туралы ұмытып кетуге болады.
► Ең қауіпті қару – мас әйелдің қолындағы телефон.
► Оптимизм – ақпарттың жетіспеушілігі.
► Сұр тышқан өзі туралы не айтатыны қара мысықты мүлде қызықтырмайды.
@. @assel_assanova