Евгений Евтушенко – кеңес дәуірінің ақыны. Бүгін назарларыңызға ақынның қанатты сөздерін ұсынамыз.
► Кейде ең маңызды әңгімені енді ешқашан көрмейтін бейтаныс адамға айтқан жақсы.
► Әлемдегі әр ауруды өзі ауырғандай сезіне білген әрбір жанға алғысым шексіз!
► Әділдік – әрдайым кешігіп келетін пойыз.
► Қайғының қайығымен жүзіп көрмеген жан махаббат туралы сөз болғанда ауызын ашпай-ақ қойсын.
► Егер адам өзі жексұрын болса, оның ұлты кім екенінде шаруам қанша?
► Жыламсырап, шырылдаған адамның бәріне бірдей сене бермеңіз, олар барлығын есеппен істеп, сіздің сеніміңізді ұрлайды... Жасырынған қуаныш күмәнді, қайғырып отырып күле беру сенімсіздік туғызады...
► Әлемдік мәдениет – соғыстың алдын алатын, ұлы кітаптардан құйылған қақпа.
► Барлық баланың ішінде ересек адам жасырынып жатады.
► Мен осы күнге дейін қызғаныштың не екенін білмеп едім. Сен менің бойымнан осы сезімді ояттың. Енді ол бойымда мәңгілікке қалып қойды. Сен жеңдің. Сенің жеңісің сол – мендік болмадың.
► Отан да тірі жаратылыс. Ол әйелден, балалардан, өмірде кездестірген көптеген адамнан құралады. Отан – саяси фразалар мен лозунгтер жиынтығы емес. Отанға деген махаббат – саяси жүйеге деген махаббат емес. Бұл тіпті табиғатқа деген махаббат та емес (табиғат та тірі жан болса да...), бұл бәрінен бұрын адамдарға деген махаббат.
► Өзіңнің заңды күйеуіңді сүймей тұра бірге тұрудан асқан азғындық жоқ.
► Әлемде қызықсыз адам жоқ, әр адамның тағдыры – бір ғаламшардың тарихымен тең.
► Қайғыда тіл жоқ. Басыңды құшақтап, іштей ұлисың.
► Мейірімділік – ең басты қасиет. Мейірімнің азын-аулағы, көбі болмайды. Егер әйелдің бойында мейірім бар ма, демек ол осы әлемге шынайы әйел боп келді деген сөз.
► Бір кездері жер бетінде адам өте аз болғанда, бәріміз туыс едік. Кез келген соғыс бауырыңды өлтіруге бағытталған азаматтық соғыс боп есептеледі.
► Бақытсыздықтың басты артықшылығы – үнсіздік, ал көп сөйлеу – паудакүнемдікпен бір туған.
► Өз жүрегіңнен ешқайда қашып құтыла алмайсың.
► Мен сүйген жанның бәрі менен артық еді...