- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Есте сақтау қабілеті...
Есте сақтау қабілеті туралы афоризмдер
Бақыт дегеніміз – жақсы денсаулық пен нашар есте сақтау қабілеті. Альберт Швейцер
Егер үнемі шындықты ғана айтатын болсаңыз, сізге ештеңені есте сақтап жүрудің қажеті жоқ. Марк Твен
«Осылай болған»,– деді есте сақтау қабілеті. «Бұлай болуы мүмкін емес»,– деді тәкаппарлық. Есте сақтау қабілеті жеңіліп қалды. Фридрих Ницше
Кез келген әйел заты өзін ұмыт қалдырғанды ешқашан ұмытпайды. Люсиль Болл
Ұмыту... Не деген сөз! Қорқыныш та, жұбату да, өтірік те осы сөзде жатыр. Ешнәрсені ұмытпай өмір сүре алатын адам бар ма екен?! Бірақ кім ұмытқысы келмейтінін ұмыта алады? Жүректі жаралаған керексіз естеліктер... Өмір сүруге тұрарлық ұғымдар үшін ғана барлығынан арылған жан бостандықта. Эрих Мария Ремарк
Сізді алдап кетсе де, тонап кетсе де, онда тұрған ештеңе жоқ, қорқыныштысы сол, сіз мұны ешқашан естен шығармайсыз. Конфуций
Мен адамның түрін ешқашан ұмытпаймын. Бірақ осы жолы бір өзгеріс жасайын. Граучо Маркс
Кітаптан тауып алатын нәрсеңізді ешқашан есте сақтамаңыз. Альберт Эйнштейн
Болып жатқандарды қалай есте сақтайтынымыз қызық: өмірге қалай келгенім есімде жоқ, алғашқы көктемімде маған не сыйлағанын да, қашан алғаш рет көкке шыққанымыз да есімде қалмапты. Бірақ әлемдегі ең керемет дауысты алғаш естігенім есімде. Форрест Гамп
Өлмес өмірдің кілті – ең бірінші кезекте ұмытылмастай өмір сүру. Брюс Ли
Менің есте сақтау қабілетім өте жақсы, ұмытқым келмейтін нәрсені ешқашан ұмытпаймын. Оскар Уайльд
Мен ұмытылмас мейірімді достарымнан артық бақыт таба алмаспын. Шекспир
@. @assel_assanova