Ештеңе істемегеніңіз үшін ұялыңыз

Қысқа да нұсқа диалогтік даналықтар ұсынамыз. Мүмкін бұл сіздің де шешімін таппаған сұрағыңыз болар.

Назар аудармаңыз!

– Егер мені біреу ұрса не істеуім керек?

– Ал егер ағаштың бұтағы сынып кетіп, басыңызға түсіп кетсе не істейсіз?

– Бұл жай ғана кездейсоқтық қой. Мен ағаштың астында тұрғанда басыма бұтақ түссе, әлбетте, ештеңе істемеймін.

– Екі істе не айырмашылық бар? Әлдекім ессіз болып, сізге қол көтерсе, дәрменсіз, жансыз ағаштан артық болмағаны. Ештеңе болмағандай өз жолыңызбен кете бересіз.

Уақытты босқа өткізбеңіз!

Бір жігіт әкесінен қалған мол мұраны «жынды жеңу өнерін» игеруге жұмсаған екен. Бұл өнердің жілігін шағып, майын ішті. Бірақ, өкінішке орай, ол өле-өлгенше жынды кездестіре алмай өтті.

 

Берілмеңіз!

Шәкірті ұстазына:

Ұстаз, менің сағым сынғанын көрсеңіз, не дер едіңіз?

– Қайта тұр!

– Ал ондай жағдай тағы қайталанса ше?

– Қайта тұр!

– Құлау – қайта тұру, құлау – қайта тұру, қашанға дейін жалғастыруым керек?

– Соңғы демің біткенше қайта бас көтеруің керек.

 

Мейірімді болыңыз!

Көшеде бір кісіні көлік қағып кетті. Жан-жағына топырлап жиналған адамдар оқиға туралы болжамдарын, қалай болғанын, аяушылық сөздерін жаудырды. Гу-гу әңгімемен адамның мүшкіл халін де естен шығарып алған халықтың ортасына бір әйел жан ұшыра жүгіріп келіп:

– Ұялмайсыздар ма?

– Біз неге ұялуымыз керек? Ештеңе істеген жоқпыз.

Ештеңе істемегендеріңіз үшін ұялу керек.