- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Ерлік туралы мақал-мәтелдер...
Ерлік туралы мақал-мәтелдер
Ерлік, батырлық, қайсарлық – екінің біріне беріле бермейтін рухты күш. Ол бәріне берілсе де, кейбірі рухын шыңдай алмайды, қорқақтыққа, жасқаншақтыққа жол беріп алады. Өз-өзін қайрап, көз жұмып, дария кешсе, қайсар атанары сөзсіз. Халық даналығында бұл турасында не дер екен?
Қанша берік дегенмен,
Тәуекел де қажиды.
Көз жұмбай дария кешпек жоқ.
От ішінде туған оттан қорықпайды.
Таудан арқасы бардың, тастан жүрегі бар.
Қару күшті емес, қару ұстаған күшті.
Күшті қауіпті емес, кекшіл қауіпті.
Жұдырық жең ішінде түйілер.
Өткір қырғыш қазан түбін теседі.
Тез қасында қисық ағаш жатпас.
Ер аруағы қарулы.
Ылдисыз өр болмайды,
Қапысын таппас ер болмайды.
Жүк ауырын ер көтереді.
Оқсыз мылтық – таяқ.
Ер жаңылып қолға түсер,
Құс жаңылып торға түсер.
Байға жалтақ, батырға қошемет көп.
Г. Берік