- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Ерлік пен батырлық...
Ерлік пен батырлық туралы нақыл сөздер #2
Батырларымыз ел басына күн туғанда елін, жерін қорғап, тағдырын шүберекке түйіп, тас шайнап, құм бүркіп, өмірдің қызыл жалынына күйіп, жан алысып, жан беріскен. Олардың ерлігін барша ақын тізе бүгіп жырласа да, шегіне жете алмайды. Осыған орай, назарларыңызға ерлік, батырлық туралы афоризмдер ұсынамыз.
Батырлықты ұятсыздықпен және алаңғасарлықпен шатастырмау қажет: өзінің түп төркіні жөнінен де, нәтижесі жөнінен де бұлардан өткен кереағар ештеңе де жоқ.
Ж.-Ж. Руссо
Ақылмен ұштасқан ерлік ерліксіз жеке ақылдан гөрі көбірек көмектеседі.
Л. Вовенарг
Ерлік әдетте жұмсақ мінезді серік етеді, сондықтан ер жүрек адам қайырымдылық жасауға басқадан гөрі қабілетті келеді.
Н. В. Шелгунов
Жүректілік басқа ізгі қасиеттерді дамыту үшін міндетті түрде қажет. Ерліксіз ақиқатты іздеуге немесе махаббатты аялап сақтауға бола ма?
М. Ганди
Батырлардың өмірі батып бара жатқан күнмен тең.
К. Маркс
Өмірде ерлікке әрқашан орын бар.
М. Горький
Моральдық тұрғыдан алғанда ерліктен асқан адамгершілік іс жоқ.
А. М. Коллонтай
Ерлік өнегелері тарихты нұрландыра түседі және ол өнегелер - адамдарды алға жетелейтін жарығы мол шамшырақтардың бірі.
В. Гюго
Батыр бейнесі адамзат үшін өмірдегі ұлылыққа, шындыққа және адамгершілікке деген биік сенімді орнықтырады.
В. Г. Белинский
Сын сағаттарда қоғам мүддесі үшін жасалуға тиістіні жасайтын адам - нағыз ер.
Ю. Фучик
Телегей теңіз қан төккен батырлықтан гөрі жалғыз тамшы көз жасын құрғатқан батырлық анағұрлым артық.
Дж. Байрон
Зая кеткен әрбір сәт - істелмеген іс, түспей қалған пайда.
Ф. Честерфилд
Қ. Бүйенбай